Қытай және қазақ бизнес-дискурсының әлеуметтік-когнитивтік және прагматикалық аспектілерінде дамуы

    Жоба атауы

         Қытай және қазақ бизнес-дискурсының әлеуметтік-когнитивтік және прагматикалық аспектілерінде дамуы

    Мемлекеттік тіркеу нөмірі

     0124РКИ0321

    Іске асырудың басталу күні

    01.03.2024

    Іске асырудың аяқталу күні

    31.12.2024

    Тапсырыс беруші

    «Азиялық Газқұбыры» ЖШС

    Жоба жетекшісі

    ф.ғ.к., профессор Калибекулы Т.

     

    Орындалған жұмыстың сипаттамасы

    Зерттеудің мақсаты

           Қытай және қазақ тілдеріндегі бизнес-дискурстың жасалу ерекшеліктерін айқындау, қытай тіліндегі бизнес-дискурста қолданылатын тілдік бірліктердің қолданылу ерекшеліктері мен қазақ тіліне аударылу жолдарын көрсету

    Күтілетін зерттеу нәтижелері

     - екі елдегі бизнес-дискурстың қалыптасуы мен дамуына әсер ететін мәдени және тілдік айырмашылықтарға салыстырмалы талдау жасау;

    - қытай тілі бизнес-дискурсындағы  тілдік бірліктердің (сөз, сөз тіркесі және фразеологизмдер) қолданылу ерекшеліктерін анықтау;

    -  қытайдағы іскерлік қарым қатынасқа тән ең көп қоданылатын грамматикалық және лексикалық бірліктерге сипаттама жасау;

    - қытай тіліндегі тілдік бірліктерді қазақ тіліне аударудың тиімді тәсілдерін ұсыну;

    - қытай және қазақстандық бизнес дискурспен жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен аудармашылар үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу.

    Зерттеу нәтижелері

    Зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар:

    1) Scopus базасындағы процентилі 50-ден кем емес журналда 1 мақала жарияланды (Linguocultural aspect of phraseological units (Guanyongyu) in modern Chinese language// Global Chinese, vol. 10, no. 2, 2024, pp. 155-173. https://doi.org/10.1515/glochi-2024-0016

    (Негізгі авторы: M.Sabirova. Қосақы авторлары: T.Kalibekuly, R.Jeldybayeva);

    2) «Бизнес қытай тілі» атты оқу құралы жазылды;

    3) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымда 2 мақала жарияланды;

    4) Қазақстандық ғылым журналда 2 ғылыми мақала жарық көрді;

    5) Шетелде өткізілген халықаралық конференцияда  2 ғылыми мақала жарияланды;

    6) Қазақстанда өткізілгенн халықаралық конференцияда  2 ғылыми мақала жарияланды;

    7) «Қытайдағы қазақтар қоныстанған елді мекен атауларының анықтамалығы» және «Шыңжаңдағы елді мекен атауларының қытайша-қазақша-ағылшынша сөздігі/The Chinese-Kazakh-English Dictionary of Xinjiang Settlements’ Names» атты анықтамалық пен сөздіктің электронды нұсқасы жарық көрді;

    8) 4 авторлық құқық алынды.

    Печать E-mail

    универсиада замена