Жоба атауы: |
Медиасауаттылықты синхронды аудармашыны даярлау курсына интеграциялау
|
Мемлекеттік тіркеу нөмірі: |
0124РКИ0228 |
Іске асырудың басталу күні: |
2024 |
Іске асырудың аяқталу күні: |
2027 |
Тапсырыс беруші:
|
Абылай хан атындағы ҚХҚӘТУ |
Жоба жетекшісі:
|
Алдабергенова Айым Алдабергеновна |
Зерттеудің өзектілігі |
Зерттеудің өзектілігі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына, ақпараттық ағындардың жаһандануына және мультимодальды материалдар көлемінің ұлғаюына байланысты, синхронды аудармашылардан тілдік дайындықтың жоғары деңгейін ғана емес, сонымен қатар әртүрлі медиа арналар арқылы ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау және түсіндіру қабілетін талап ететіндігімен анықталады. Заманауи сын-қатерлер жағдайында цифрлық шынайылықта тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті аудармашыларды даярлау мәселесі ерекше маңызға ие болады.
|
Зерттеудің мақсаты |
Зерттеудің мақсаты – синхронды аударманың кәсіби дағдыларын оқыту үдерісіне медиа сауаттылықты енгізу. |
Қолдану саласы: |
аударматану, лингвистика, мәдениетаралық коммуникация, лингвомәдениеттану, цифрлық онлайн платформалар. |
Күтілетін нәтижелер:
|
- ауызша аударма бойынша оқу үдерісінде синхронды аудармаға арналған цифрлық платформаларды дұрыс пайдалануға бағытталған медиасауаттылық бойынша «АКТ-ны пайдалана отырып қашықтан синхронды аударма жасау тәжірибесі» модулін әзірлеу – өз кезегінде заманауи аударма ісін оқытудың маңызды қадамы болып табылады; - аудармашыларға арналған оқу құралын (кейстер мен тапсырмалар) әзірлеу; - жобаның нәтижелерін академиялық зерттеулерде және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының Қазақстандағы және шетелдегі ғылыми жарияланымдарында пайдалану; - білім алушылардың цифрлық құралдарды синхронды аударма үдерісінде қолдануына байланысты жаңа әдістер мен тәжірибелерді үйренуге, олардың тиімділігі мен кәсіби өсуін жақсартуға мүмкіндік беретін онлайн курсты әзірлеу. |