|
Жоба атауы: |
Маркетингтің цифрлық трансформациясы |
|
Жоба түрі |
Бастамашыл жоба |
|
Мемлекеттік тіркеу нөмірі |
0124РКД0159 |
|
Іске асырудың басталу күні |
01.11.2024 |
|
Іске асырудың аяқталу күні |
31.10.2027 |
|
Тапсырыс беруші |
ТОО «Jumbo Engineering» |
|
Жоба жетекшісі |
Кишибекова Галия Кабидолдаевна, экономикалық ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор |
Орындалған жұмыстың сипаттамасы
|
Өзектілік |
Цифрлық технологиялардың компаниялардың маркетингтік қызметіне әсері үлкен мәнге ие. Қазіргі таңда заманауи маркетинг өнімді немесе қызметті тұтынушыларға жасау, ілгерілету және ұсыну үшін бизнестегі цифрлық стратегия ретінде қарастырылады. Ақпаратты өңдеудің және пайдаланудың жаңа цифрлық әдістері маркетингтік қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігін арттырудың негізгі көзіне айналуда. Цифрлық технологияларды енгізу онлайн-платформалар арқылы мақсатты аудиториямен өзара әрекетті жақсартуға, танымалдылықты арттыруға, сондай-ақ студенттер мен түлектердің қатысу деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл қабылдаушылар санын көбейтуге, кафедраның академиялық беделін нығайтуға және университеттің дамуына қосқан үлесін арттыруға әкеледі деп күтілуде. |
|
Зерттеу мақсаттары: |
Бұл ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – маркетингтің цифрлық трансформациясы технологиялары бойынша озық тәжірибені зерттеу және оны студенттерге арналған кейстерді әзірлеу және шығару, сондай-ақ маркетингтің цифрлық трансформациясы саласында мамандарды даярлау үшін академиялық курс әзірлеу арқылы енгізу. |
|
Зерттеу нысандары: |
«Jumbo Engineering» ЖШС-нің маркетингтік қызметі экономиканың цифрлық трансформация жағдайында, сондай-ақ цифрлық маркетинг саласында мамандарды даярлау үшін қолданылатын білім беру технологиялары. Компанияның маркетингтік белсенділігіне цифрлық технологияларды енгізудің әдістері, құралдары мен стратегиялары, сондай-ақ бұл практикалық тәжірибені академиялық ортаға (кейс-стади және оқу бағдарламалары арқылы) аудару методологиясы. |
|
Қолдану салалары: |
Зерттеу нәтижелері келесі салаларда енгізілуі мүмкін: «Jumbo Engineering» ЖШС ішкі қызметінде – жарнамалық бюджетті оңтайландыру және клиенттердің қатысуын арттыру мақсатында. Цифрлық құралдарды енгізетін компанияларға арналған консалтингтік қызметте. Маркетинг және менеджмент білім беру бағдарламасының оқу процесінде. |
|
Күтілетін нәтижелер: |
2025 жылға: Маркетингтің цифрлық трансформациясы мәселесі бойынша материалдарды зерттеу және цифрлық трансформацияны ұйымдастыру мен басқару технологиялары бойынша озық тәжірибені талдау негізінде цифрлық маркетинг саласында мамандарды даярлайтын академиялық курс әзірлеу. Білім беру мен маркетингтегі инновациялар тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама тезистерін жариялау. КОКСНВО ұсынған журналда ғылыми мақала дайындау және жариялау. Осы тақырып бойынша дипломдық жобаларды жазу. «Маркетингтің цифрлық трансформациясы» тақырыбында зерттеу форсайт-сессиясын дайындау және өткізу. 2026 жылға: Бакалаврлар (Менеджмент және маркетинг ОП) үшін «Маркетингті цифрландыру» практикумын әзірлеуге арналған кейс материалдарын жинау және талдау. Білім беру мен маркетингтегі инновациялар тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама тезистерін жариялау. КОКСНВО ұсынған журналда ғылыми мақала дайындау және жариялау. Осы тақырып бойынша дипломдық жобаларды жазу. Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университетімен (Ресей) бірлесіп халықаралық зерттеу форсайт-сессиясын өткізуге қатысу. 2027 жылға: Жобаның оқу модулін әзірлеу үшін дайындалған әдістемелік материалдар мен кейс-стадилерді жариялау. Қазақстандық және шетелдік рецензияланған ғылыми журналдарда мақалаларды жариялау. Цифрлық маркетинг саласындағы маманның компетенттік моделін әзірлеу. |
|
Зерттеу нәтижелері: |
Университет пен экономика шынайы секторы арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту. Актуалды цифрлық контентті енгізу арқылы білім беру бағдарламасының түлектер үшін тартымдылығын арттыру. «Кәсіби қызметтің цифрландыруы» академиялық курсын әзірлеу, оған силлабус, лекциялық материал және білімді бағалау жүйесі кіреді. Студенттер мен бастауыш мамандар үшін маркетингтің цифрлық құралдарын енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. Цифрландырудың бизнес-процестер тиімділігіне әсері тақырыбында рецензияланған ғылыми журналдарда (РИНЦ, КОКСНВО) мақалалар жариялау. Білім беру мен маркетингтегі инновацияларға арналған ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама тезистерін жариялау. Ғылыми жобаның тақырыбына сәйкес дипломдық жобалардың тақырыптарын әзірлеу.
|
Зерттеу тобы және жобаны басқару
|
№ р/н |
Аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), білімі, дәрежесі, ғылыми атағы |
Негізгі жұмыс орны, лауазымы |
Хирш индексі, ResearcherID, ORCID, Scopus авторының идентификаторы (бар болса) |
Жобадағы немесе бағдарламадағы рөлі және орындалатын жұмыстың сипаты |
Қатысудың қысқаша негіздемесі |
|
1 |
Кишибекова Галия Кабидолдаевна – экономикалық ғылымдарының кандидаты, доцент |
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» Акционерлік қоғамы, доцент |
Хирш индексі – 2; ORCID - https://orcid.org/0000-0002-6491-6937 ScopusAuthor ID–57191429717 (https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57191429717) |
Жобалық жұмыстың барлық бағыттарын ұйымдастыру мен басқаруға, Халықаралық форсайт-сессияны ұйымдастыру және өткізуге жауап береді |
Халықаралық және отандық жобаларға қатысу тәжірибесі бар, ұсынылып отырған жоба саласында ғылыми жұмыстары бар. |
|
2 |
Бейсенова Гульнар Шагимбековна – экономикалық ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор |
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» Акционерлік қоғамы, ассоц. профессор |
Хирш индексі – 1; ORCID - https://orcid.org/ 0000-0003-1040-3674 ScopusAuthor ID–57947947800 (https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57947947800) |
Қазақстан Республикасындағы маркетингтің цифрлық трансформациясының қазіргі жағдайын талдауға және студенттерге арналған практикумды дайындауға жауап береді.
|
Халықаралық және отандық жобаларға қатысу тәжірибесі бар, ұсынылып отырған жоба саласында ғылыми жұмыстары бар.
|
|
3 |
Нурпеисова Лейла Сатыбалдиевна – экономикалық ғылымдарының кандидаты, профессор |
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» Акционерлік қоғамы, профессор |
Хирш индексі – жоқ ORCID - 0009-0003-8777-6222
|
Цифрлық маркетинг трансформациясы саласындағы мамандардың дағдылары мен компетенцияларын талдауға және цифрландыру саласындағы маманның компетенттік моделін әзірлеуге жауап береді. |
Маркетингтік зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар, ұсынылған жобада жауапты түрде маркетингтік зерттеулер жүргізген, туризм саласында ғылыми жұмыстары мен мақалалары бар.
|
|
4 |
Какитаева Жазира Ельдосовна – экономикалық ғылымдарының магистрі, аға оқытушы |
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» Акционерлік қоғамы, аға оқытушы |
Хирш индексі – жоқ ORCID 0009-0006-6092-0388
|
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін, оқу модулін дайындауға жауап береді. |
Халықаралық және отандық жобаларға қатысу тәжірибесі бар, ұсынылып отырған жоба саласында ғылыми жұмыстары бар.
|
|
5 |
Болтаева Айгерим Алайдаровна – экономикалық ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
|
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» Акционерлік қоғамы, аға оқытушы |
Хирш индексі – жоқ ORCID - 0000-0002-3009-2458
|
Оқу модулін әзірлеуге арналған жобалық кейстерді әзірлеуге, келісім-шарттар жасауға, маркетингтік зерттеулер жүргізуге, сауалнама ұйымдастыруға және кәсіби аударма жасауға жауап береді. |
Әлеуметтік зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар, ғылыми жұмыстары мен мақалалары бар.
|
|
6 |
Никокошева Арина – «Менеджмент және маркетинг» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті |
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» Акционерлік қоғамы, студент |
Хирш индекс – жоқ ORCID - жоқ |
Өрістік зерттеулер мен маркетингтік зерттеулерді жүргізуге жауап береді. |
Ғылыми конференциялардың жинақтарында ғылыми мақалалары жарияланған.
|
.png)






















