|
Жоба атауы: |
Халықаралық сауда саласындағы терминдердің тілдік және когнитивтік ерекшеліктері (қытай, қазақ және орыс тілдеріне негізделген) |
|
Жоба түрі |
Бастамалық жоба |
|
Мемлекеттік тіркеу нөмірі |
0125РКИ0191 |
|
Іске асырудың басталу күні |
01.04.2025 |
|
Іске асырудың аяқталу күні |
28.03.2026 |
|
Тапсырыс беруші |
жоқ |
|
Жоба жетекшісі |
Калибекулы Толкын, филология ғылымдарының кандидаты, профессор |
Орындалған жұмыстың сипаттамасы
|
Өзектілігі |
Өзектілігі: Бұл зерттеу қытай, қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық сауда терминдерінің құрылымдық, семантикалық және лингвистикалық-когнитивтік ерекшеліктерін салыстырмалы талдауға арналған. Жаһандану жағдайында экономикалық байланыстардың кеңеюі сауда терминологиясын қарқынды дамытуды қажет етеді, ал үш тілдегі терминдердің параллель жұмыс істеуі кәсіби қарым-қатынаста біркелкілік пен тұжырымдамалық дәлдікті қажет етеді. Осыған байланысты терминжасам әдістері, олардың құрылымдық модельдері және семантикалық-когнитивтік негіздері анықталды. Зерттеу терминдердің лексика-семантикалық сипатын және олардың жасалу әдістерін сипаттайды: қытай тілінде түбір морфемалардың тіркесімі негізгі механизм ретінде танылады және оның мотивациясы талданады; қазақ тілінде агглютинативті сөзжасам мен калькалардың ерекшеліктері атап өтіледі; орыс тілінде халықаралық терминдер мен жұрнақ үлгілерінің белсенділігі, сондай-ақ олардың қазақ тіліне әсері қарастырылады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытайдағы қазақ терминологиясының қалыптасуы салыстырылады, аудармадағы эквиваленттілік пен біріздендіру мәселелері талданады. |
|
Зерттеудің мақсаты |
Халықаралық сауда саласындағы үш тілді (қытай-қазақ-орыс) кәсіби қарым-қатынасты лингвистикалық тұрғыдан жүйелеу, сондай-ақ кәсіби аудармаға арналған терминологиялық сөздік пен оқу құралын әзірлеу болып табылады. |
|
Зерттеу нысандары |
Қытай, қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық сауда терминдері |
|
Қолданылу салалары |
Гуманитарлық ғылымдар |
|
Күтілетін нәтижелер |
- Қытай, қазақ және орыс тілдерінде халықаралық сауда терминдерінің электрондық корпусы жасалады; - Үш тілдегі терминдердің семантикалық сәйкестіктері мен баламалары анықталады; - Қытай-қазақ-орыс терминологиялық сөздігі әзірленеді. |
|
Зерттеу нәтижелері |
- Қытай, қазақ және орыс тілдерінде халықаралық сауда терминдерінің электрондық корпусы жасалады; - Үш тілдегі терминдердің семантикалық сәйкестіктері мен баламалары анықталады; - Қытай-қазақ-орыс терминологиялық сөздігі әзірленеді |
Зерттеу тобы және жобаны басқару
|
№ р/н |
Аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), білімі, дәрежесі, ғылыми атағы |
Негізгі жұмыс орны, лауазымы |
Хирш индексі, ResearcherID, ORCID, Scopus авторының идентификаторы (бар болса) |
Жобадағы немесе бағдарламадағы рөлі және орындалатын жұмыстың сипаты |
Қатысудың қысқаша негіздемесі |
|
1 |
Калибекулы Толкын |
«Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ |
Индекс Хирша – 4 Scopus Author ID: 57190663567; Web of Science Researcher ID: AAX-1479-2021; ORCID: 0000-0003-0188-4488.
|
Жетекші Жобаның аясында сөздік дайындауға қатысады. Зерттеу материалдарын жинау және іріктеумен айналысады, библиографиялық әдебиеттер тізімін құрастырады, сондай-ақ техникалық-ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
|
Қытай, ағылшын және қазақ тілдерін еркін меңгерген. 2021–2023 жылдары ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы аясында (ИРН AP09562073) жүзеге асырылған «Қытай тіліндегі ономастикалық атауларды жаңа ұлттық қазақ латын әліпбиінде беруінің лингвистикалық негіздері» тақырыбындағы ғылыми жобаны басқарды. Соңғы бес жылда Т. Қалибекұлының жарияланымдарының саны — 81. Оның ішінде 18 мақала КОКСНВО ұсынған ғылыми басылымдарда, 5 мақала Scopus дерекқорында индекстелетін журналдарда жарияланған. Сонымен қатар, ол 1 оқулықтың, 3 оқу құралының, 7 сөздіктің, 1 монографияның авторы және 17 авторлық куәлікке ие.
|
|
2 |
Сабирова Мәдина Талғатқызы докторант |
«Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ |
Индекс Хирша – 1. Scopus Author ID: 59398673100; Web of Science Researcher ID: ABW-7345-2022; ORCID: 0000-0001-5106-6219 |
Орындаушы.
|
Қытай, ағылшын, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген. 2021–2023 жылдары ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы аясында (ИРН AP09562073) жүзеге асырылған «Қытай тіліндегі ономастикалық атауларды жаңа ұлттық қазақ латын әліпбиінде беруінің лингвистикалық негіздері» тақырыбындағы ғылыми жобасына орындаушы ретінде қатысқан.
|
.png)






















