Мен «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері» университетінде білім алып жатқан студент ретінде оқу орным туралы оң пікір білдіре аламын. Университеттегі білім беру жүйесі заман талабына сай ұйымдастырылған, оқу бағдарламалары жүйелі әрі мазмұнды. Теориялық білім тәжірибемен ұштастырылып, студенттердің кәсіби, тілдік және аналитикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Сабақтар қызықты әрі нәтижелі өтеді, оқу процесінде сыни ойлау, өз пікірін дәлелдеп айту, топпен жұмыс жасау сияқты маңызды қабілеттерге ерекше көңіл бөлінеді. Берілетін тапсырмалар жан-жақты ойлауға үйретіп, болашақ маман ретінде қалыптасуға үлкен ықпал етеді.Оқытушылар құрамы жоғары білікті, өз саласын терең меңгерген тәжірибелі мамандардан тұрады. Олар әрдайым студенттерге қолдау көрсетіп, білім алуға ынталандырады, сабақ барысында ашық әрі түсінікті түрде материал жеткізеді. Оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынас өзара құрметке негізделген.
Сонымен қатар университет студенттерге өндірістік іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп, теориялық білімді практикада қолдануға жағдай жасайды. Бұл оқу орнының білім сапасына және болашақ мамандарды даярлауға үлкен жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
Абылай хан атындағы Қазақ ұлттық университеті-сапалы білім беретін, кәсіби білікті мамандарды даярлауға бағытталған, студенттердің жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастырған беделді жоғары оқу орны деп есептеймін.