«Шығыстану» білім беру бағдарламасының магистратурасында(7M02211), соның ішінде корей тілі бағыты бойынша оқу – мен үшін өте құнды тәжірибе. Бағдарлама корей тілін терең меңгеруге, сондай-ақ Кореяның тарихы мен мәдениетін кәсіби деңгейде зерттеуге мүмкіндік береді.
Оқу үдерісіне тіл тасымалдаушы оқытушылардың қатысуы тілдік дағдыларды жетілдіріп қана қоймай, корей мәдени ортасын терең түсінуге көмектеседі. Оқытушылардың жоғары біліктілігі мен қолдауы магистранттардың академиялық және кәсіби дамуына үлкен ықпал етеді.