Мен — «Шығыстану» білім беру бағдарламасының (корей тілі) 4-курс студентімін. Оқу жылдары ішінде бұл бағдарлама мен үшін кәсіби қалыптасудың және болашақ мансабымды саналы түрде таңдаудың маңызды кезеңіне айналды.
Оқу үдерісі корей тілін меңгеруді Кореяның мәдениетімен, тарихымен және қазіргі заманауи шынайы жағдайларымен тығыз байланыстыра отырып ұйымдастырылған. Сабақтар тәжірибеге бағытталған: аутентті мәтіндер, медиаматериалдар және коммуникативтік тапсырмалар белсенді түрде қолданылады, бұл тұрақты тілдік дағдыларды қалыптастыруға және тілді сенімді қолдануға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның маңызды артықшылықтарының бірі — университеттің дамыған халықаралық ынтымақтастығы және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері. Студенттер халықаралық жобаларға, тілдік және мәдени іс-шараларға қатысады, сондай-ақ шетелдік университеттерде алмасу бағдарламалары мен тағылымдамалардан өту мүмкіндігіне ие. Бұл бағытта университет базасында жұмыс істейтін Корей білім беру орталығы ерекше рөл атқарады. Аталған орталық тілдік тәжірибені кеңейтуге, Кореяның білім беру жүйесімен танысуға және мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Бағдарламаның оқытушылар құрамы жоғары кәсіби деңгейімен және студенттерге деген ықыласты көзқарасымен ерекшеленеді. Оқытушылар тек терең білім беріп қана қоймай, академиялық және кәсіби мүмкіндіктерді дұрыс бағдарлауға көмектеседі, ғылыми конференциялар мен байқауларға, халықаралық бастамаларға қатысуды қолдайды.
Корей тілі пәнінің менің оқуымда ерекше орын алған оқытушыларын жеке атап өткім келеді. О Сан Хо — кәсіби шеберлігі жоғары, сабақтары нақты құрылымдалған әрі мазмұны терең, ең үздік оқытушылардың бірі. Самал лао ши — өз ісін жетік меңгерген, күрделі тақырыптарды түсінікті әрі қолжетімді түрде түсіндіре алатын, оқу үдерісін нәтижелі және ынталандырушы ете білетін ұстаз. Ал Амина сонсенним — мейірімді, шынайы әрі қызықты тұлға, оның сабақтары әрдайым жылы атмосферада өтіп, корей тілін үйренуді шынайы әрі шабыттандыратын үдеріске айналдырып, жүрегімде ерекше із қалдырды.
Осы оқу орнында білім алу нәтижесінде мен корей тілін сенімді деңгейде меңгердім, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесін және халықаралық білім беру форматтарына қатысу дағдыларын иелендім. Бұл қабілеттер маған шетелде әрі қарай оқу мен халықаралық ынтымақтастық, аударма және аналитикалық қызмет салаларында жұмыс істеуді нақты әрі қолжетімді болашақ ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.