2025 жылдың 11 желтоқсанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің «6В02301 – Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған «Елтану» пәні бойынша дәріс өтті. Дәрісті АҚШ азаматы, қазіргі таңда Алматы қаласындағы «Flagmanship» бағдарламасының жетекшісі Эрол Алган өткізді. Дәрістің тақырыбы: «American history: past and present». Дәрістің мақсаты – студенттердің білімін тереңдету және елтанымдық құзыреттілігін дамыту.
Дек 11, 2025
2025 жылғы 8–9 желтоқсан күндері Қостанай қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Студенттік Ассамблеясының I Республикалық форумы өтті. Форум жұмысына Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Әбжәмиев Айбек Исламұлы қатысты. Форум Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен студенттік ұйымдардың өкілдерін, жастар көшбасшыларын және білім беру мекемелерінің басшыларын біріктірді. Іс-шарада студенттік ассамблеялардың қызметін жетілдіру, этносаралық қарым-қатынасты нығайту және жастар бастамаларын қолдау мәселелері қарастырылды.
Дек 09, 2025
2025 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласында жаңадан ресми тағайындалған Иран Ислам Республикасының Бас Консулы, бұрын Иран Сыртқы істер министрінің әйелдер істері жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған Сона Ахмади ханым «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ-на ізгілік сапармен келді.
Дек 09, 2025
2025 жылғы 5 желтоқсанда Халықаралық құқық кафедрасы «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ директоры, Халықаралық класс медиатор-жаттықтырушысы, «Жас келіссөз шеберлері» жобасының авторы Жакупов Жанділді Әжіғалиұлының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренингті өткізудің мақсаты студенттерді медиативтік келіссөздердің технологиялары мен әдістемесін игеруге дайындау, сындарлы өзара іс-қимыл дағдыларын, өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізу стратегияларын қалыптастыру және жанжалды жағдайларды тиімді реттеу болды.
Дек 05, 2025
Тіл білімі және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «И дым Отечества нам сладок и приятен…!» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және туған жерге деген сүйіспеншілікке арналған шығармашылық бейнероликтер байқауын өткізді.
Дек 05, 2025
2025 жылдың 27 қарашасында, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 041 – «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша Қазақстанның ЖОО студенттері арасында «Бизнес-жоспарлау» пәнінен Өңірлік студенттік конкурс өткізеді.
13 команда қатысады, соның ішінде:
Конкурстың мақсаты:
Қазақстан Республикасы студент жастарының ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетін дамыту.
Бұл конкурс кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға, бизнес-бастамаларды қолдауға және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ете алатын идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.
Қазылар алқасының құрамы (бизнес құрылымдардан):
- Astana Hub — Халықаралық IT-стартаптар технопаркі
- Almaty Hub — Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы жанындағы Аймақтық цифрлық технологиялар орталығы
- MOST Business Incubator — стартаптар мен жастар кәсіпкерлігін қолдайтын жеке ұйым
- BRICS Alliance — инвесторлар альянсының өкілі: Муктарқанов Тимур Гайллолаевич
- MEAS Group ЖШС — директор, бизнес-тренер, акселератор, фасилитатор: Евгения Шефер
Ұйымдастыру комитеті:
- ҒЗЖ, СҒЗЖ жетекшісі, халықаралық құқық және бизнес факультеті, э.ғ.к., PhD, профессор — Акпарова А.А.
- «Халықаралық бизнес трендтері» жобасының жетекшісі, э.ғ.к., PhD, профессор — Сариева Ж.И.
- «StartUp» зертханасының жетекшісі, э.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор — Абинова А.Ю.
- «Бизнес-жоспарлау» пәнінің оқытушысы, сарапшы, тренер, э.ғ.м., аға оқытушы — Отынбай Е.Б.
Өткізу тілдері: қазақ тілі, орыс тілі
Формат: офлайн және онлайн
Нояб 24, 2025
Нояб 19, 2025
«Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ түлектері мен студенттерін бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырамыз!
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласының Прокуратурасы мен Алматы қалалық Еңбек мобильділігі орталығы бірлесіп Қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.
Нояб 13, 2025
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін серіктес университеттерге 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне құжаттар қабылдау ашылды.
Нояб 11, 2025
«Қаржы орталығы» АҚ 2026 жылғы түлектерді мемлекеттік білім беру тапсырысы гранттарын өтеу мәселелеріне арналған ақпараттық кездесуге шақырады.
Кездесу барысында өтеу тәртібі мен негізгі талаптар түсіндіріліп, грант шарттарын орындау үшін түлектерге қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беріледі.
Нояб 10, 2025
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасының қамқорлығымен "Түркі әлемі: сайлау жүйелерін дамытудың дәстүрлері, практикасы және перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылады. Конференция 2025 жылдың 14 мамырында Түкістан қаласы, Х.А. Ясави атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің базасында өтеді.
Март 28, 2025
2025 жылғы 10-11 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың XI Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 05, 2025
2024 жылғы 11-12 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 11, 2024
Құрметті әріптестер!
2023 жылы 27 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімімен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Окт 12, 2023
2023 жылдың 16-17 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті "Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету.
Сен 22, 2023