2025 жылдың 30 сәуір күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің студенттері Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараға белсене қатысты.
Апр 30, 2025
2025 жылғы 29 және 30 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде білім беру бағдарламалары топтары бойынша студенттер арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өткізілді:
Апр 30, 2025
Халықаралық қатынастар бөлімінің аймақтану зертханасы аясында, студенттердің шет тілінің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігінің даму деңгейін, олардың еркін қарым-қатынас және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын бағалау мақсатында 2025 жылдың 29 сәуірінде Халықаралық қатынастар және мемлекеттік қызмет факультетінің халықаралық қатынастар кафедрасының «Шет тілдері» пәнінің 1 курс оқытушылары «Ең үздік оригиналды сценарий» байқауын ұйымдастырып, ағымдағы 2024-2025 оқу жылының қыркүйек-мамыр айлары аралығында өтілген барлық тақырыптарды пайдалана отырып өткізді.
Апр 29, 2025
2025 жылғы 29 сәуірде бітіруші курс білімгерлерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесуі - ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Іс-шараға деканаттардың өкілдері, түлектерді жұмысқа орналастыруға жауапты оқытушылары, Практика және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері, сондай-ақ бакалавриат, магистратура және докторантура бітіруші курстарының студенттері қатысты.
Апр 29, 2025
Студенттердің шет тілі мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігінің даму деңгейін, олардың еркін қарым-қатынас және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын бағалау мақсатында 2025 жылдың 25 сәуірінде Халықаралық қатынастар және мемлекеттік қызмет факультетінің халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары халықаралық қатынастар бөлімінің аймақтану зертханасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының көпжақты дипломатия күніне орай 2 курс студенттері арасында «Arrival» дипломатиялық симуляциялық ойынын ұйымдастырды.
Апр 26, 2025
2025 жылдың 06 мамырында сағат 10:30-да Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану кафедрасы мен факультеті «Шығыс Азиядағы қауіпсіздік және даму: үрдістер мен перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстел аралас форматта (оффлайн/онлайн) өтеді.
Апр 28, 2025
Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе магистр, бакалавр дәрежесі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесін ұлғайту жоспарлануда.
Заңның 15-бабының 6-тармағына сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен (GPA 3.33) төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына:
Апр 17, 2025
2025 жылы 16 сәуірде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультеті шығыс филологиясы кафедрасы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты бірлесіп «Шығыс тілдеріндегі деректердің түркологиялық зерттеулердегі маңызы» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік дөңгелек үстелін өткізеді.
Апр 15, 2025
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ жұмыс берушілер мен студенттерді жыл сайынғы «Бос орындар жәрмеңкесі – 2025» атты іс-шараға қатысуға шақырады.
Апр 14, 2025
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң «Қаржы орталығы» АҚ 2025 жылы бітіретін түлектеріне арналған «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары» тақырыбында кездесу өткізеді.
Апр 14, 2025
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасының қамқорлығымен "Түркі әлемі: сайлау жүйелерін дамытудың дәстүрлері, практикасы және перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылады. Конференция 2025 жылдың 14 мамырында Түкістан қаласы, Х.А. Ясави атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің базасында өтеді.
Март 28, 2025
2025 жылғы 10-11 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың XI Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 05, 2025
2024 жылғы 11-12 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 11, 2024
Құрметті әріптестер!
2023 жылы 27 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімімен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Окт 12, 2023
2023 жылдың 16-17 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті "Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету.
Сен 22, 2023