Ablaikhan University-дің Академиялық адалдық лигасына мүшелігі аясындағы мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Ablaikhan University-де академиялық адалдық қағидаттарының жүйелі түрде сақталуын қамтамасыз ету, адал білім алу, оқыту және ғылыми-зерттеу қызметі мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ Академиялық адалдық лигасының стандарттары мен қағидаттарына сәйкес білім сапасын арттыру.

Негізгі міндеттер

  1. Академиялық адалдық қағидаттарын енгізу

Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының — білім алушылардың, профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің академиялық адалдық қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету.

  1. Ішкі нормативтік құжаттарды жетілдіру

Университеттің саясатын, қағидалары мен ішкі нормативтік құжаттарын Академиялық адалдық лигасының стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес өзектендіру.

  1. Объективті бағалауды қамтамасыз ету

Оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жетілдіру, бағалау критерийлерінің ашықтығын және барлық білім алушыларға қойылатын талаптардың бірізділігін қамтамасыз ету.

  1. Академиялық бұзушылықтардың алдын алу

Плагиаттың, көшірудің, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың, өзгенің зияткерлік қызмет нәтижелерін заңсыз пайдаланудың және академиялық адалдықты бұзудың басқа да түрлерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.

  1. Студенттер арасында академиялық адалдық мәдениетін дамыту

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, кураторлық сағаттар, семинарлар, тренингтер, пікірталастар және басқа да білім беру іс-шаралары арқылы білім алушылардың оқу нәтижелеріне жеке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

  1. Оқытушылардың құзыреттерін арттыру

Профессор-оқытушылар құрамына академиялық адалдық, объективті бағалау, сапалы тапсырмалар әзірлеу, плагиаттың алдын алу, сондай-ақ білім беру үдерісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану мәселелері бойынша оқыту ұйымдастыру.

  1. Ғылыми қызметте академиялық адалдықты қамтамасыз ету

Зерттеу этикасы, дәйексөздерді дұрыс рәсімдеу және авторлықты көрсету қағидаттарын сақтау, ғылыми нәтижелердің дұрыстығын қамтамасыз ету, сондай-ақ университеттің жарияланымдық қызметінің сапасын арттыру.

  1. Жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалануды дамыту

Авторлық, ашықтық және жұмысты өз бетінше орындау қағидаттарын міндетті түрде сақтай отырып, студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің генеративті жасанды интеллект пен басқа да цифрлық құралдарды рұқсат етілген және этикалық тұрғыдан дұрыс пайдалануына қатысты бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру.

  1. Бұзушылықтарды анықтау мен қараудың тиімді тетіктерін қалыптастыру

Академиялық адалдықты бұзу жағдайларын анықтаудың, тіркеудің және қараудың ашық тәртібін қамтамасыз ету, сондай-ақ университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес тиісті шараларды қолдану.

  1. Академиялық адалдық қағидаттарының сақталуына мониторинг жүргізу

Білім беру және ғылыми үдерістерге ішкі мониторинг жүргізу, анықталған бұзушылықтар мен тәуекел факторларын талдау, түзету және алдын алу шараларын әзірлеу.

  1. Білім беру үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету

Оқытуға, бағалауға, академиялық жұмыстарды орындауға қойылатын талаптар мен бұзушылықтар үшін жауапкершілік университет қауымдастығының барлық мүшелеріне түсінікті әрі қолжетімді болатын жағдай жасау.

  1. Академиялық адалдық лигасының қызметіне қатысу

Ablaikhan University өкілдерінің Лига іс-шараларына, мониторингтеріне, тәжірибе алмасуға және бастамаларын іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ академиялық адалдық саласындағы тиімді тәжірибелерді университет қызметіне енгізу.

Печать E-mail

универсиада замена

🎧 Online қабылдау