Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті "ЖОО - ның үздік оқытушысы-2023"атағын беруге конкурс жариялады.
Конкурс "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары болып табылатын, конкурсқа құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурс жыл сайын екі кезеңде – ЖОО ішілік және республикалық кезеңдерде өткізіледі.
Конкурстың I кезеңі -1 қарашадан 10 қарашаға дейін өткізіледі
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер келесі конкурстық құжаттамаларын жібереді:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс: Уазкбаев Нурлан Танатарович, Тел.7(727)2920384, ішкі. 2418; This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.