ЖОО атауы |
Мемлекет |
Орын саны |
Өтініш берушілер |
Тәжірибе алмасу уақыты |
Ұтқырлық тілі |
Шарттары |
Құжаттарды өткізудің соңғы күні |
John Paul II University in Biala Podlaska |
Бяла-Подляска, Польша |
Қазақстан Республикасына 1 орын |
Профессорлық-оқытушы құрам - ұлттық қауіпсіздік, - туризм, -экономика -филология, лингвистика (ағылшын тілі)
|
5 күн, көктемгі семест серіктеспен келісім бойынша |
Ағылшын тілі С1 деңгейі
|
1800 евро көлеміндегі Erasmus+ шәкіртақысы |
15.01.2024 |
Қосымша ақпарат алу үшін: Басты ғимарат, 219-кеңсе, ішкі нөмері 2219, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Оқытушылар мен қызметкерлер Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Байқау комиссиясына – Басты ғимарат, 219 кеңсесіне өтінім берулері керек.
Байқауға қатыса алатындар:
- Серіктес университетпен тығыз ынтымақтастыққа үлес қоса алатын қызметкерлер;
- Өзін тәртіпті және жауапты қызметкер ретінде көрсеткендер;
- Университет қызметін дамытудың тиісті және/немесе қажетті жоспарының болуы;
- Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысушылар.
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Ректоры атына өтініш берушінің кандидатурасын қарау туралы өтініш; (жүктеу)
- Қысқаша CV (сілтеме арқылы EuroPass форматында максималды 2 бет https://europass.cedefop.europa.eu/editors/en/cv/compose);
- Өтініш беруші үшін де, университет үшін де тәжірибеден өту жоспары, тәжірибеден өту кезінде алынған дағдылар және тәжірибенің тиімділігі (3 бет немесе одан да көп) (маңызды);
- Тәжірибе барасында алынатын өнім және/немесе дағдылардың сипаттасымен жоспарланған нәтижелер (1. Өнім / дағдылардың сипаттамасы; 2. Өнім / дағдылардың алмасу сипаттамасы; 3. Өнім / дағдылардың алмасу уақытының сипаттамасы; 4. Өнім / тәжірибе алмасу аудиториясының (мақсатты топтың) сипаттамасы);
- Тікелей басшының ұсынысы (еркін нысанда);
- Дипломдар мен сертификаттар (көшірмелер);
- ҚР азаматының паспортының көшірмесі.
- Соңғы 5 жылдағы жарияланымдар тізімі (Профессорлық-оқытушы құрам үшін)
Барлық құжаттар құжат тігілетін мұқабада ұсынылуы тиіс.
Сәтті іріктеуден өткен жағдайда, Профессорлық-оқытушы құрам/қызметкер тиісті дипломатиялық миссиядан виза алуы және серіктес университеттің процедуралық талаптарын орындауы қажет.