2024 жылдың 28 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Ресейдегі және ТМД-дағы LG Electronics өкілдігінің басшысы ЁнгНам Ро мырзаның қонақ дәрісі өтеді. Дәріс тақырыбы: «Optimism & Inspiration as Business & Social Drive».

ЁнгНам Ро мырза - Ресей, Қазақстан, Үндістан, БАӘ, Португалия және Венгрия сияқты елдерде жұмыс істеген 30 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі басшы. Ол бизнес инновацияларын әлеуметтік жобалармен сәтті үйлестіретін және донорлық, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы бастамаларды белсенді қолдайтын және шабыттандыратын көшбасшы. Сонымен қатар поэтикалық жинағының авторы.
Дүние жүзіндегі негізгі нарықтардағы тәжірибесі және әлеуметтік бастамаларға қатысуы бұл дәрісті біздің факультет студенттері үшін ерекше құнды етеді.
- Күні: 28 ноября
- Уақыты: 15:00 - 16:00
- Орны: Қызыл акт залы
- Дәріс тілі: ағылшын тілі
Баршаңызды қатысуға шақырамыз!
.png)






















