Жоғары оқу орындарының түлектері мен бітіруші курс студенттері мемлекеттік қызметке шақырылады.
Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып, GPA көрсеткіші 3.33-тен төмен емес түлектер оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде конкурссыз аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі әкімдіктер аппараттарындағы басшылық емес (атқарушылық) лауазымдарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне орналасуға мүмкіндік алады.
Мемлекеттік қызмет қандай мүмкіндіктер береді?
ресми жұмысқа орналасу;
мансаптық өсу мүмкіндігі;
eQyzmet порталы арқылы бос лауазымдарға арналған конкурстарға қатысу;
Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде оқу және тағылымдамадан өту.
Толығырақ ақпарат:
🌐 www.gov.kz
🌐 www.eqyzmet.gov.kz
📧 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
📞 +7 775 516 67 00
.png)






















