Филология ғылымдарының докторы, профессор Рысалды Құсайын Тынысбайұлының 80 жылдығына арналған «Заманауи лингвистикалық парадигмалар» тақырыбында халықаралық онлайн-дөңгелек үстел 07.12.2020 ж. сағат 14.00-де өтті.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Рысалды Құсайын Тынысбайұлының 80 жылдығына арналған «Заманауи лингвистикалық парадигмалар» тақырыбында халықаралық онлайн-дөңгелек үстел 07.12.2020 ж. сағат 14.00-де өтті.
1. Жалпы ережелер Бұл ереже мақсаттары, міндеттері, қатысушылардың құрамы, елде және шетелде орналасқан Қазақстан Республикасының студенттер - азаматтары арасындағы халықаралық онлайн-байқаудың мазмұны мен мерзімдерін анықтайды.
2. Халықаралық онлайн байқаудың мақсаттары мен міндеттері
2.1 Халықаралық онлайн-байқаудың мақсаттарыі:
2020 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – табысқа апарар жол» тақырыбында ЖОО ішіндегі онлайн-дебаттар өткізілді. Пікірталасқа Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің әр курстың студенттері қатысып, Тәуелсіздіктің қалыптасуын, Қазақстан азаматтары үшін тәуелсіз мемлекет мәртебесінің маңызын, сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстандық білім беруді дамытудағы рөлі мәселелерін талқылады. Іс-шараға қатысушылар естелік грамоталар мен сыйлықтарға ие болды.
4 желтоқсан күні Халықаралық қатынастар факультетінің Қазақстанның қазіргі тарихы және дүниетаным пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен академик Әбжанов Хангелді Махмутұлымен «Тәуелсіздік және Елбасы Н.Ә.Назарбаев» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Дәріс тыңдаушылары педагогика факультетінің 1 курс студенттері болды. Дәріс өте қызықты өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, Қазақстанның жаңа тарихы бойынша білімдерін тереңдетіп, Республикамыздағы президенттік институт туралы көбірек білді, сондай-ақ Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы рөлі туралы хабардар болды.
02.12.2020 ж. сағат 14.00-де философия ғылымдарының докторы, профессор Рүстем Қазақбайұлы Қадыржановтың 70 жылдығына арналған «Қазақстан жаһандық және аймақтық үдерістерде» атты халықаралық онлайн дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басында Рүстем Қазақбайұлын Абылайхан ҚазХҚжӘТУ ректоры Құнанбаева Салима Сағиқызы және басқа да көптеген оқу және ғылыми ұйымдардың өкілдері құттықтады. Дөңгелек үстел барысында көптеген ғалымдар мен әріптестері мерейтой иесінің отандық ғылымға қосқан баға жетпес үлесі туралы әңгімеледі.
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде шетел тілдері педагогикалық факультеті педагогика және психология кафедрасының профессоры Жалғасова Шолпан Әбілқызының ұйымдастыруымен 02.12.2020 ж. «Үштілділік» тақырыбына шетел тілдері педагогикалық факультетінің 1 курс студенттері (2 поток) арасында пікірталас өткізілді.
Пікірталас онлайн (Role-play) әдісімен «Microsoft Teams» бағдарламасында өтті. Жүргізген 109 топ студенті Талғатов Ерасыл.
27 қараша күні 2020 ж. сағат 18.00-де Шығыстану факультетінің «Dilmar» үйірмесінің аясында қазақ жерінің ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» онлайн байқауы өткізілді. «Абайдың өмір жолы» слайдымен Назерке Исаділ таныстырды. Абайдың еңбектеріне шағын онлайн көрме ұйымдастырылды. Байқауға шетел филологиясы мамандығымен шығыстанушы мамандығының 1-3 курс студенттері қатысып, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ, түрік, парсы, араб, қытай, ұйғыр тілдерінде оқыды. Әділқазылар жеңімпаздарды дипломдармен мараппатады.
2020 жылдың 27 қарашасында Халықаралық қатынастар факультетінің кәсіби кафедрасы (жоғарғы курстар) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен бірлесіп "5В050500-Аймақтану" және "5В020200-Халықаралық қатынастар" мамандықтарының 3-4 курс студенттерімен "Қазіргі Қазақстанның Орталық Азиядағы және әлемдік саясаттағы рөлі" тақырыбында семинар өткізді. Аталған іс – шараға сарапшы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, саяси ғылымдарының докторы, профессор Жабина Жансая Рифильевна қатысты.
27 қараша күні 2020 жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де Тұңғыш президент күні мерекесіне орай Қазақ филологиясы кафедрасы мен Рухани жаңғыру қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бастар жол» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Мансап және халықаралық бағдарламалар менеджменті» бөлімінің маманы мен «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп, мемлекеттік тапсырыс негізінде, ауылдық квота бойынша оқитын университет студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Күн шуақты Өзбекстандағы әріптесіміз, Ташкент Шығыстану Мемлекеттік Университеті үшін қытайтанудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу жақсы дәстүрге айналды. Университетте онлайн-дәрістер, ғылыми семинарлар, сондай-ақ оқытушылардың тәжірибе алмасу үдерісі қазіргі кезде де жалғасуда.