2020 жылдың 26 қарашасында сағат 10.00-де «Қоғамдық сананың жаңғыруы контексіндегі қазақстандық қоғамның дамуының жаңа парадигмасы мен жаңа сапасы»
тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстанның әр түрлі қалалары мен университеттерінен танымал ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Тақырыптық іс-шараның ұйымдастырушылары «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Сержанов Б.Е және халықаралық қатынастар факультетінің Қазақстанның қазіргі тарихы және дүниетаным пәндері кафедрасының профессор-оқытушылары: Шайморданова З.Дж., Карабаева З.М., Чатыбекова К.К., Али Б.К. және Маулен А.Б.