Баяндамашы PhD докторы, доцент, корейтану орталығының директоры Хан Нелли Чанировна болды. Іс-шара бірінші курстарға арналғандықтан, Нелли Чанировна студенттерге корей бөлімі, корейтану орталығы, стипендиялар, алмасу бағдарламалары туралы мәлімет берді. Алмасу бағдарламалары арқылы оқуға барғысы келетін студенттер үшін GPA бағалау жүйесінің маңыздылығы туралы айтылды. TOPIK (корей тілін меңгеру тесті) деңгейлері және әр курста корейтанушы ұмтылуы қажет стандарттар жайлы да сөз қозғалды. Корей тілі орталығы, Шанхан банкі, Шағын және орта бизнес кәсіпкерлері қауымдастығы, KF, AKS ұйымдарының корей бөлімшесінің студенттеріне тағайындайтын стипендиялары туралы айтылды.