Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің шетел тілдері педагогикалық факультеті педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен 27.02.2020ж., сағ. 10:00 Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұстаздық еткен жалықпас ...» атты психологиялық-педагогикалық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасы аясында болашақ мұғалімдердің кәсіби тұлғалық шығармашылық әлеуетін ашуға және өзін-өзі жетілдіруге жағдайлар туғызу.