2020 жылдың 19-20 ақпанында Халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне орай БҰҰ-ның Моделі сәтті өткізілді. Аталмыш іс-шараға КИМЭП, КНУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, UIB, СДУ, ҚазАТК, КБТУ, Тұран және Назарбаев Зияткерлік мектебінен 150-ден астам студенттер қатысты. Конференцияның ашылу салтанатына ҚР СІМ өкілдігінен, БҰҰ өкілдігінен, Алматы қаласындағы Бас Консулдықтардан қонақтар шақырылды.