21.11.2019г. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ мен И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің студенттері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында кездесу, үстіміздегі жылдың 21 қарашасында өтті.
21.11.2019г. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ мен И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің студенттері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында кездесу, үстіміздегі жылдың 21 қарашасында өтті.
2019 жылдың 5-ші қарашасында Абылай хан атындағы ҚазақХҚжӘТУ университетінде «Жаңа халықаралық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге халықаралық қатынастар Факультетінің студенттерімен Германиядағы Фрейбург Университетінің докторы, профессор Рейнхард Гессе және Франция елінен Ph.D Хавиер Аллез келіп баяндама жасады.
ҚР БҒМ «Шетелдік ғалымдарды тарту» бағдарламасы шеңберінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде профессорлар Dr. R.Hesse (Freiburg University, Germany) 11.11.2019 мен 11.12.2019 аралығында және Dr. Xavier Hallez, E.H.E.S.S. (Paris, France) 12.11.2019 мен 06.12.2019 аралығында дәрістер курстарын өткізді.
Almaty Investment Forum 2019-бұл әлемдегі табысты инвесторлармен кездесудің бірегей мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар Алматыда іске асырылып жатқан стартаптар мен инновациялық жобаларға арналған алаң. Аталған форумның басты міндеті бизнесті дамытуды ынталандыру, шетелдік инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
29 қараша күні Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінде Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай "Ақ қауырсын" әдебиет жанашырлары клубының ұйымдастыруымен өткен "Тұнық жырдың тұмары" атты қалалық әдеби-сазды байқаудың "Жырың қалды жанымның ұшқынындай" және "Жыр жазамын жүрекпен" номинациялары бойынша Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің журналистика мамандығының 2 курс студенттері Жексенова Жанар және Ізбасарова Диана Бас жүлде алып қайтты.
2019 жылдың 3 желтоқсаны күні Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің шығыстану факультетінде паралимпиадалық спортшы Серік Есматовпен мотивациялық кездесу сәтті өткізілді.
22 қарашада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл іс-шараны халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенттерімен кәсіби ағылшын тілі кафедрасы ұйымдастырды.
Педагогикалық факультетінің 2 курс студенттері арасында TED talks Friday өтті. Іс-шара студенттерді ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, өз идеяларын қысқа да жалынды сөз түрінде жеткізуге итермелеуге бағытталған. Олардың сөз сөйлеуінің негізгі тақырыптары 4 бөлімді қамтыды: экологиялық саналы болу, ұзақ өмір сүрудің кілті: салауатты өмір салты, оқудағы мотивацияны арттыру жолдары, оқудағы қиындықтар.
Қараша айының 2019 жылы Жеңіс Кембаевты еске алу кешіне орай ұйымдастырылған KIMEP Moot Court Competition 2019 бірінші қалалық заңи саласы бойынша жарыс өткізілді.
Әскери кафедраның тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыстардың аясында студенттер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің YouTube-каналында жаңалықтар мен деректі фильмдерді тамашалады.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінде Қазақстанның қасиетті жерлерінің интерактивті картасы, «Ұлы бабалар ізімен» атты жастар саяхаты бағдарламасының және жастардың ішкі туризмін дамыту жобасының тұсаукесері өтті.
2019 жылдың жазында «Almaty Nomad» сакяхатшылар клубы ҰБА-ның «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен Қазақстанда жастардың ішкі туризмін дамыту бойынша жобаны жүзеге асырды. Жоба нәтижесінде «Тұран» телеарнасында жастардың бірқатар телебағдарламалар, 150 объекті көрсетілген Қазақстанның киелі жерлерінің интерактивті картасы, сондай-ақ ғаламтор желісінде түрлі репортаждар шығарылды.