Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие мен білім беру

    Жобаның атауы

    Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие мен білім беру

    Жоба түрі

    Бастамашыл жоба

    Мемлекеттік тіркеу нөмірі

    00001496

    Іске асырудың басталу күні

    01.01.2025

    Іске асырудың аяқталу күні

    01.01.2027

    Тапсырыс беруші

    «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті»

    Жоба жетекшісі

    Изтаева Венера Амангелдіқызы саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

    Орындалған жұмыстың сипаттамасы

    Өзектілігі

    Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық мәдениет пен рухани мұраны сақтау, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның тұрақты дамуы мен ұлттық бірегейлікті сақтаудың негізгі шарттарының бірі – тұлғаны ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және білім беру болып табылады. Сондықтан білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, тіл, тарих және рухани мұра арқылы тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ету ерекше маңызға ие.Қазақстандағы білім беру саясаты да осы бағытты қолдайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырып отырған білім беру реформалары мен мемлекеттік бағдарламаларында ұлттық тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру және мәдени мұраны насихаттау негізгі басымдықтардың бірі болып саналады.Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытып қана қоймай, оның қоғамға пайдалы, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай тәрбие жас ұрпақтың өз халқының тарихы мен мәдениетін құрметтеуіне, ұлттық дәстүрлерді сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуіне мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие мен білім берудің ғылыми тұрғыдан зерттелуі, оның мазмұны мен тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау қазіргі педагогика ғылымы үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

    Зерттеу мақсаты

    Тұлғаны қалыптастыру процесінде ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім берудің маңызын ғылыми тұрғыдан негіздеу, сондай-ақ ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, тіл және тарихи мұра арқылы білім алушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту жолдарын анықтау.

    Зерттеу нысандары

    Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыру процесі.

    Қолдану салалары:

      жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесінде;

      жоғары оқу орындарында болашақ педагогтарды даярлау барысында;

      тәрбие жұмыстары мен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруда;

      ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеуде;

      жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіруге арналған әдістемелік материалдар дайындауда қолдануға болады.

    Күтілетін нәтижелер

    2025 жыл:

    ·         Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды.

    ·         Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру мәселелері бойынша теориялық материалдарды жинақталды.

    ·         Зерттеу нысанын анықтап, әдістемелік негіздерін дайындалды.

    ·         Білім беру ұйымдарында бастапқы сауалнама және бақылау жұмыстарын жүргізілді

    2026 жыл:

    ·         Ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие процесіне енгізудің әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану.

    ·         Студенттер мен оқушылар арасында тәжірибелік (эксперименттік) жұмыстар жүргізу.

    ·         Алынған нәтижелерді талдау және салыстыру.

    ·         Тәрбие жұмыстарына арналған әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.

    ·         Монография даярлау

    2027 жыл:

      Зерттеу нәтижелерін толық талдап, қорытынды жасау.

      Ұлттық құндылықтар негізінде тұлға қалыптастыруға арналған ғылыми ұсыныстар дайындау.

      Ғылыми мақалалар мен баяндамалар жариялау.

      Жобаның нәтижелерін білім беру ұйымдарының тәжірибесіне енгізу.

    Зерттеу нәтижелері

      Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім берудің ғылыми-теориялық негіздері айқындалды.

      Ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, тіл және тарихи мұра арқылы білім алушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту жолдары анықталды.

      Білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие процесіне енгізудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылды.

      Зерттеу барысында алынған деректер негізінде білім алушылардың ұлттық сана-сезімінің, патриоттық көзқарасының және мәдени құндылықтарға құрметінің артқаны байқалды.

      Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар әзірленді.

      Зерттеу нәтижелері білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде қолдануға ұсынылды.

     

    Зерттеу тобы және жобаны басқару

    р/н

    Аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), білімі, дәрежесі, ғылыми атағы

    Негізгі жұмыс орны, лауазымы

    Хирш индексі, ResearcherID, ORCID, Scopus авторының идентификаторы (бар болса)

    Жобадағы немесе бағдарламадағы рөлі және орындалатын жұмыстың сипаты

    Қатысудың қысқаша негіздемесі

    1

    Изтаева Венера Амангелдиевна

    Саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

    https://orcid.org/0000-0002-0538-8302

    57209830326

    Жоба жетекшісі

    Қазіргі қоғамда жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру мәселесін зерттеу өзекті болып саналады.

    2

    Насырова Мадиням Юлдашевна

    Философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

    https://orcid.org/0009-0009-0795-365X

    Қатысушы маман

    Бұл жобаға қатысу ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, тіл және тарихи мұраның тәрбиелік маңызын тереңірек зерттеуге, сондай-ақ білім беру процесінде ұлттық құндылықтарды тиімді қолдану жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

    3

    Жүзтаева Бибажар Нургалиевна

    Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

    https://orcid.org/

    0009-0005-1132-3280

    Қатысушы маман

    Ұлттық құндылықтар – кез келген халықтың рухани негізі мен мәдени болмысының басты көрсеткіші. Қазіргі білім беру жүйесінде жас ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезім мен рухани құндылықтарды қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады..

    4

    Жанакова Нургуль Торгайбековна

    Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

    https://orcid.org/0000-0003-4721-7904

    Қатысушы маман

    жоба нәтижелері білім алушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға және патриоттық тәрбиесін нығайтуға ықпал етеді.

    5

    Макашева Жанат Становна

    PhD

     

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

    https://orcid.org/0000-0003-4052-1305

     

    Қатысушы маман

    ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие мен білім берудің ғылыми тұрғыдан зерттелуі және оны білім беру процесіне енгізу қажеттілігі бұл жобаға қатысудың негізгі себептерінің бірі болып табылады

    6

    Хайроллаева венера Хибадуллаевна

    Философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

     

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

    https://orcid.org/0000-0001-5430-0082

     

     

    Қатысушы маман

    Бұл жобаға қатысу ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, тіл және тарихи мұраның тәрбиелік маңызын тереңірек зерттеуге, сондай-ақ білім беру процесінде ұлттық құндылықтарды тиімді қолдану жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

    7

    Досжанова Акмарал Ивановна

    Магистр

    докторант

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

    https://orcid.org/0009-0000-3448-868X

    57209829250

    Қатысушы маман

    жоба нәтижелері білім алушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға және патриоттық тәрбиесін нығайтуға ықпал етеді.

    8

    Шотанова Галия Айтжановна

    Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

    0000-0002-3641-5668,

     Scopus Author ID – 57214320736

     

     

     

     

     

    Қатысушы маман

    Жаһандану жағдайында ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізу ерекше маңызға ие.

    9

    Карабаева Запихан Мухтаровна

    Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

     

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы

    https://orcid.org/0000-0001-8542-7991

     

    Қатысушы маман

    Жобаға қатысу жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың өзектілігімен негізделген. Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық мәдениет, дәстүрлер, тіл және тарихи мұраны сақтау мен насихаттау білім беру саласының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Жоба ұлттық құндылықтардың тәрбиелік маңызын зерттеуге, оларды оқу-тәрбие процесіне тиімді енгізу әдістерін әзірлеуге және білім алушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытып, патриоттық тәрбиесін нығайтуға мүмкіндік береді.

    Печать E-mail

    универсиада замена