Аударма ісі (қазақ-орыс)

    «5В020700- Аударма ісі»  мамандығы

     (5В0207025-қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне синхрондық  аудармашы)

     «Қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне синхронды  аудармашы» мамандығына мына бағыттарда дайындық жүргізіледі:

    • Мәдениетаралық коммуникацияның түрлі саласындағы аудармашы-синхронист
    • Ауызша аударма; Жазбаша аударма.

    Қосымша элективтер бойынша синхронды аудармашыларды дайындау:

    • Саясат, заңнама, экономика және қаржы, білім және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт, дін, өнеркәсіп және т. б. салалардағы синхронды аударма.

    Аударма ісі бакалаврының негізгі міндеттері:

    • Мәдениетаралық коммуникацияның түрлі саласында жазбаша және ауызша қазақ /орыс аудармасын жасау: әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, ғылыми-техникалық, сондай-ақ әкімшілік-іскерлік салада аударма жасау.
    • Ресми кездесулер, баяндамалар, дәрістер, әңгімелесулер, келіссөздер, пікірталастар кезінде ауызекі жәнесинхронды аударма жасау.
    • Іс қағаздарын және қарапайым менеджментті жүргізу (іскерлік хат алмасу, телефон арқылы әңгімелер, сапарлар мен қабылдауларды ұйымдастыру, келісім-шарттар, басқа да іскерлік қағаздар және т.б. құру).
    • Қазақ-орыс аудармаларының редакциясын жасау (соның ішінде сандық технологияларды пайдалана отырып)

    Даярлау барысында мынандай бағыттарда маманданады:

    • Мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы
    • Аударма теориясы мен практикасы
    • Синхронды аударма негіздері
    • Салалық ауызша синхронды және дәйекті аударма
    • Кәсіби коммуникация саласындағы аударма
    • Кәсіби қызметті цифрландыру

    Мынандай ұйымдарда практикадан өтеді:

    • аударма компаниялары мен бюролары
    • түрлі компаниялардың өкілдіктері (мұнай-газ өндіруші, алтын өндіруші, туристік және т. б.)
    • Республикалық маңызы бар мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар (Ғылым Академиясы, Әдебиет және өнер институты), М.Әуезов атындағы мұражай, қалалық, аудандық әкімдіктер ҚР Банктері, тілдерді дамыту басқармасы, мұрағаттар, "Нұр Отан" саяси партиясының органдары және т. б. )

    Синхронды аудармашы мынандай жерлерде жұмыс істей алады:

    • Ауызша, жазбаша аударма және мәдениетаралық коммуникация талап етілетін халық шаруашылығының барлық саласындағы ұйымдарда аудармашы болып.

    II семестрден бастап екінші шет тілін үйренесіз

    Басқа жоғарғы оқу орындарында ҚазХҚжӘТУ-дегідей аудармашы мамандарды әзірлей алмайды!

    Есіңе сақта: бейіндік пәндер: шет тілі + дүниежүзі тарихы

    Печать E-mail

    универсиада замена