Шетелдік азаматтарының қабылдау тәртібі

    Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ- не жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық және кәсiптiк (бастауыш және орта кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi) және жоғары (жоғары кәсiптiк) бiлiмi бар тұлғалар қабылданады.

    Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға егер олар осы деңгейде бiрiншi рет бiлiм алатын болса, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқық берiледi.

    Шетелдiктердiң мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

    Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ-не түсушi шетелдік тұлғаларды қабылдау ҰБТ нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негiзде олардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады.

     
    Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ-не оқуға түсу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
    • Бекітілген нұсқа бойынша өтініш (қабылдау комиссиясы береді)
    • Сауалнама
    • Жеке басын растайтын құжаттың (паспорт) қазақ немесе орыс тіліне аударылып нотариальдық расталған көшірмесі - 2 дана
    • Нострификациядан өткен куәліктің көшірмесі (enic-kazakhstan.kz)
    • Білім туралы құжат аудармасы нотариалды турде куәландырылған және оған мемлекеттік және орыс тілінде қосымшасы болу керек. Мемлекеттік және орыс тіліне аударылған, білім туралы құжат иесінің жеке куәлігі, нотариалды түрде куәландырылған құжат көшірмесі.
    • ҰБТ сертификаты (түпнұсқа) + Мемлекеттік грант сертификаты (егер грант иегері болса)
    • 6 фотосурет 3х4 көлеміндегі (матовая)
    • Ф-086У – нысанындағы медициналық анықтама (ренген суреті болуы қажет - пленка)
    Аударманы куәландыру Қазақстан Республикасы аймағында немесе құжат берген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі мен органдары нотариуспен іске асырады.
    Шетелдік білім беру ұйымдарының білім алушыларын оқудан ауыстыру және қайта оқуға қабылдау ережелері, алдында алған білім дейгейі туралы шетелдік білім алу ұйымдары берген құжат Қазақстан Республикасының нострификациялық үрдісінде белгіленген тәртіпте өткізілуі қажет. (Шетел азаматтарының құжаттарын нострификациялау оқып танысыңыз)

    Печать E-mail

    универсиада замена