Қашықтықтан білім алу– шексіз білім алу

    Қашықтықтан білім алу– шексіз білім алу

    1. Қашықтық білім беру технологиялары дегеніміз не?

    Қашықтық білім беру технологиялары (ҚББТ) «on-line», «off-line» режимі бойынша қашықтық оқу сабақтарын жүргізуде негізделген ҚББТ-ын қашықтықта оқытуды қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялардың жиынтығы болып табылады.
    «Оn-line» режиміндегі оқу сабақтары нақты уақыт режимі ішіндегі өзара әрекеттесудің оқу үдерісін көздейді (бейнеконференциялар, Интернет желісі арқылы хабарлама алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер).
    «Оn-line» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы асинхронды болатын өзара әрекеттесудің оқу үдерісін көздейді (электрондық пошта, кейіннен аралық және/немесе қорытынды бақылауды тапсыруымен болатын оқытушының тапсырмалары бойынша өткізілетін студенттің оқулықпен жұмысы).

    2. Қашықтық білім беру технологиялардың мақсаты:

    Қашықтықтан оқыту – білім беру саласындағы Мемлекеттік саясаттың басты ұстанымын іске асыру – халықтың барлық топтары үшін білім берудің қол жетімділігі.

    Білім алушыларға қатысты ҚББТ қолданылады:

    • бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша;
    • физикалық мүмкіндігі шектеулі, соның ішінде мүгедек балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, білім берудің барлық деңгейінде бала кезінен мүгедек болып табылатын тұлғалар;
    • "Болашақ"стипендиаттарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс кеткен тұлғалар;
    • оқытудың сырттай түрі, жоғары білім беру деңгейінде мерзімді әскери қызметке шақырылғандар;
    • жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді шетелдік іс сапарда (4 айдан астам) болатындар;

    3. Moodle дегеніміз не?

    Moodle – оқытудың модульдік нысанды-бағытталған динамикалық ортасы (Modular Object-Oriented Dynamic Learning Environment). Шын мәнінде Moodle компьютерлік, телекоммуникациялық және интернет-технологияларға негізделген оқытудың автоматтандырылған басқару жүйесі (ОБЖ) болып табылады.
    Moodle жүйесі Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де электронды және қашықтықтан оқытуға (ҚББТ ) арналған платформасы ретінде қолданылады.

    4. Қашықтық курсына қалай жазылуға болады:

    ҚББТ бойынша оқытуды қалайтын білім алушылар оқуда ҚББТ-ын пайдалану мүмкіндігі туралы уәжделген негіздемемен және растайтын құжаттарды ұсына отырып, білім беру ұйымы басшысының атына өтініш жазады.
    Мүгедек балалар ҚББТ бойынша олардың оқу үдерісіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынымын береді.

    5. ҚББТ бойынша оқыту саясаты.

    Оқыту саясаты инновациялық-бейімдік моделіне сәйкес білім беру қызметтерін ұсынудың сапа саласындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің жалпы саясаты мен мақсаттарына негізделеді. Оқыту кредит технологиясы бойынша жүргізіледі.

    Жыл сайын берілген тұжырымдамаға сай жаңартылады:

    • білім беру бағдарламалары;
    • еңбек нарығының шеттілдік мамандар сұраныстарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары (ЖОЖы);
    • оқытудың кестесі мен мазмұнын айқындайтын пәндердің әдістемелік – оқу кешені (ПӘОК).

    Қашықтықтан оқыту бөліміне тіркелген студенттер үшін университетте тікелей байланыс түрінде апталық сессиясы жүргізіледі. Одан әрі оқыту қашықтықтан өтеді.

    Академиялық жыл 2 семестрден тұрады. Әрбір семестр 2 аралық және бір қорытынды бақылауды (емтихан) қамтиды. Вариативтік оқыту түрлері қолданылады:

    • байланыс (on-line) сабақтары;
    • off-line немесе асинхронды;
    • білім алушылардың өздік жұмыстары (БАӨЖ);

    Эдвайзер мен тьютордың кеңестері жеке немесе топтық режимде кесте бойынша жүргізіледі.
    Сабақтар ағылшын тілінде өтеді ("Кәсіби орыс/қазақ тілдері" пәндерін қоспағанда).
    Студенттер тобының сабақта болуын көздейтін немесе тапсырмалардың ерекшеліктеріне қатысты (форум, чат, бейнеконференция, вебинар/семинар) түрлерінен басқа сабақтар on-line режимінде жекеше түрде өткізілуі мүмкін, оқытушылар арқылы белгіленеді немесе силлабустарда жазылады.
    - Мамандықтың ерекшелігіне сәйкес кәсіби тәжірибе білім беру ұйымдары арқылы жүргізіледі.
    Оқытудың түрлері: ҚББТ негізіндегі күндізгі бөлім/ ҚББТ негізіндегі кешкі бөлім.

    6. ҚББТ бойынша сабаққа қатысу саясаты.

    Жүйелі түрде сабаққа қатысу - оқу үдерісінің негізгі талаптарының бірі болып табылады. Сабаққа қатысу саясаты кесте бойынша қашықтықтағы сабақтарда студенттің болуын ғана емес, сонымен бірге пән бойынша тапсырмаларды орындау (on-line немесе тікелей байланыс түрінде), силлабусқа сәйкес оқу әрекетінің қарастырылған түрлерін жасауда белсенді қатысуды көздейді. Сабақтарға қатысу үшін бірінші кезекте электрондық порталда уақтылы курсқа авторизациядан өтуі қажет.

    Сабаққа қатысу көздейді:

    • тапсырмаларда орындауды;
    • апта сайын оқытушыға/тьюторға тексеруге тапсырмаларды уақтылы жіберуді;

    Оқу курстары бір аптаға ашылады. Бір апта өткен соң электрондық портал жабылады және жаңа оқу аптаның тапсырмалары ашылады.
    Білімді жемісті меңгеру және кәсіби құзыреттілікті игеру үшін студент 85%-дан кем емес сабаққа қатысуға міндетті. Егер жеке алынған пән бойынша сабақтың жалпы көлемінінен қатыспаған сабақтар саны 15% сағатты құрайтын болса (мемлекеттік мерекелерді ескере отырып) - студент шектік және қорытынды бақылауды тапсыруға жіберілмейді. Қайта тапсыру қосымша жазғы семестрде (ақылы негізде) ЖОО-ның белгіленген кестесі бойынша мүмкін болады.

    7. ҚББТ бойынша тексеру саясаты.

    Білім алушылардың білімі, біліктілігі мен құзыреттілігін бағалауы халықаралық стандарт әріптік (А -F) және баллдық жүйе бойынша жүргізіледі. Электрондық бағалар электрондық журнал мен электрондық жинақтау ведомосында тіркеледі.

    8. ҚББТ бойынша бақылау саясаты.

    Бақылаудың түрлері: • ағымдық бақылау (АБ) • шектік бақылау (ШБ) • қорытынды бақылау (ҚБ)

    Бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес оқу үдерісінің кестесі ұйымдастырылады. Кесте бойынша академиялық жыл ішінде әрбір 7 апта сайын Moodle платформасында on-line режимінде барлық пәндер бойынша ШБ жүргізіледі. Қорытынды бақылау (емтихан) барлық пәндер бойынша ЖОО-да тікелей байланыс түрінде жүргізіледі. (ерекше жағдайларды қоспағанда – денсаулық жағдайы және т. б. қатысты адамның жүріп-тұруы шектелген кезде)

    - Білім алушы пән бойынша оқу жұмыс бағдарламасымен белгіленген барлық бақылау іс-шараларын орындап, тапсырғаннан кейін аралық аттестаттауға жіберіледі.

    - ҚББТ бойынша білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 18 наурыз 2008 жылғы № 125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың ағымдағы бақылау үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізудің Типтік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    9. ҚББТ бойынша академиялық қолдау саясаты.

    Академиялық қолдау саясатының негізін Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің білім беру порталы, Moodle платформасы, виртуалды кітапхана, компьютерлік және мультимедиялық аудиториялар, көмекші компьютерлік бағдарламалар, пән оқытушы, куратор, эдвайзердің кеңестері, ақпараттық технологиялар бойынша кеңестер мен тренингтер құрайды.

    10. ҚББТ бойынша академиялық адалдық саясаты.

    Халықаралық Бакалавриаттың Жалпы Талаптарына сай академиялық адалдық саясатынының сақталуы көзделген. Академиялық адалдық саясаты ҚазХҚ және ӘТУ-дің құндылықтар жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

    Академиялық адалдық дегеніміз:

    • бағаланатын академиялық/оқу тапсырмалардың барлық түрлері мен бақылау түрлерін орындау кезінде регламентке тиісті студенттің өз-өзін дұрыс ұстауы (алдауға жол бермеу, бұрмалау және т. б.);
    • өз бетімен орындаған жұмысты құру және бақылауға ұсыну (жоба, эссе, презентация және т. б.);
    • жеке оқу және ғылыми жұмыстарды дайындау кезінде сілтеме мен авторлық түпнұсқалықты толық нұсқауы (плагиатқа жол бермеу);

    Байланыстар
    Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
    Мұратбаев көш., 200
    Қабылдау комиссиясы:
    8(727) 292 44 60, 292 23 73
    Қосымша білім беру факультетінің деканаты: 8 (727) 2334356;
    Екінші білім беру кафедрасы: 8 (727) 292 08 00 (3209-вн.);
    e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

    Печать E-mail

    универсиада замена