Мен аударма ісі факультетінің білім беру бағдарламасында оқимын. Бұл бағдарлама маған жан-жақты әрі қызық білім берді. Оқу барысында біз тек тілдік пәндерді ғана емес, экономика, стилистика, әдебиет, бизнес және кәсіби коммуникация сияқты маңызды бағыттарды екі тілде де меңгердік. Кафедрамыздың оқытушыларымыз өз ісінің білікті мамандары, ашық, түсіністікпен қарап, әрдайым көмектесуге дайын. Осы оқу бағдарламасының арқасында менің аудармашылық, аналитикалық және коммуникативтік дағдыларым дамыды. Алған білімімізді тәжірибеде қолдануға әрдайым мүмкіндік бар. Мысалы, мен 2024 жылы Almaty Digital конференциясына волонтёр ретінде қатыстым. Ал 2025 жылы Power Tech Expo көрмесінде аудармашы болып жұмыс істеп, бизнес пен технология саласымен іс жүзінде таныстым