Менің ойымша біздің жоғары оқу орынының білім беру сапасы өте жоғары.Білікті мамандар,оқытатын барлық материа көзі,сабақ процессі маған өте ұнайды.Оқу орынынан болашақ мамандығымның қоғамдағы рөлін,маңыздылығын,қызықты тұстарын және қандай мүмкіндіктерге толы болатынын түсініп,мамандығым бойынша жұмыс істеуге ынтам ашылды. Мысал ретінде 2-курс кезіндегі Еуропалық бағыттық екінші тілімізді таңдап оқыған шақта мен таңдаған испан тілінен Испаниядан туған,испан тілі ана тілі болып есептелетін оқытушылардан сабақ алдық.Аударма ісінің тек аударма жасау емес қаншама ғылыми әрі мәдени саланы біріктіретінін тіпті психологиялық логикалық тұрғыдан да адамды ұштайтынын түсіндік. Одан бөлек басқа сабақтар да оқытушымен сабақ өту кезінде топтық жұмыс сыни пікір қалыптастыру,бизнес ақпараттық технология саясат секілді барлық салаларды қамтитын сан түрлі тапсырмаларды орындаймыз.Сонымен қатар өндірістік іс тәжірибе кезінде бізге үлкен мүмкіндік ашып оқу орыны Қазақстанның Сыртқы Істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінде іс-тәжірибе өтуге жол ашты.Мұның бәрі оқу орынының білікті мамандар мен жоғары білім сапасын бірге алып жүргенін көрсетеді деген ойдамын.