Мен 2021–2025 жылдар аралығында араб тілі бөлімі бойынша білім алған университет түлегімін. Аталған университет пен мамандықты таңдау – өмірімдегі ең дұрыс әрі сәтті шешімдердің бірі болды. Университет қабырғасында маған сапалы білім берген барлық оқытушыларға шексіз алғысымды білдіремін. Ұстаздарымның жоғары деңгейдегі кәсіби біліктілігі мен менің білім жолындағы еңбегінің нәтижесінде 2023–2025 жылдар аралығында Президенттік стипендия иегері атандым.
Оқу барысында алған білімім университетті тәмамдағаннан кейін де кәсіби қызметімде үлкен пайдасын тигізіп келеді. Қазіргі таңда өз мамандығым бойынша еңбек етемін және жұмыс барысында ұстаздарымның берген білімінің терең әрі өміршең екенін айқын сезінемін. Олар – өз саласының білікті профессорлары мен тәжірибелі мамандары екеніне көзім жетті.
Оқу бағдарламасы мазмұнды, жүйелі әрі практикалық тұрғыда өте тиімді құрылды. Осыған байланысты, қай жерде жүрсем де, қандай түлекпен сұхбаттас болсам да, Абылай хан атындағы университетті, әсіресе «Шетел филологиясы» мамандығын таңдауға үнемі кеңес беремін. Университет ұжымына үлкен алғысымды білдіремін.