Құрманбаева Қ.С. – педагогика ғылымдарының магистрі, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының магистратура және докторантура жөніндегі ғалым хатшы
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 6В02201 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасы еңбек нарығының талаптарына сай әзірленген. Аталған білім беру бағдарламасы мемлекеттік органдарда, халықаралық ұйымдарда, ғылыми-сараптамалық құрылымдарда және бизнес саласында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлауға бағытталған деп есептейміз. Бағдарлама аясында білім алушылар Шығыс елдерінің тарихы, саясаты, экономикасы және мәдениеті бойынша жүйелі білім алып, шығыс тілдерін кәсіби деңгейде меңгереді.
Қазіргі уақытта Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 6В02201 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасының түлектері Шығыстану институтында жұмыс атқарады. Олар Шығыс елдерінің тарихы, тілі мен мәдениеті бойынша терең білімге ие, ғылыми дереккөздерімен жұмыс жасай алады және аналитикалық ойлау қабілеттерімен ерекшеленеді. Түлектердің кәсіби дайындығы мен жауапкершілігі жоғары деңгейде деп бағалаймыз.
Бағдарлама түлектері Шығыс елдерінің тілдік, мәдени және саяси ерекшеліктерін жақсы меңгерген, аналитикалық ойлау қабілеті жоғары, кәсіби ортада тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандар ретінде ерекшеленеді. Теориялық дайындықтың практикалық компоненттермен ұштасуы түлектердің кәсіби қызметке тез бейімделуіне мүмкіндік береді. Осы тұрғыда 6В02201 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасы ғылыми мекемелер мен зерттеу орталықтарына қажетті білікті мамандарды даярлайтын сапалы бағдарлама деп сеніммен айта аламыз.