Отзыв/Предложение: Сәрсен Данияр



    • ТАӘ / ФИО
      Сәрсен Данияр
    • Мамандық ББ атауы / Название ОП специальности
      шығыстану ББ
    • Ұсыныс \ Пікір Предложение\Отзыв
      Ablaikhan University-де шығыстану мамандығында білім алу мен үшін өте құнды тәжірибе болды. Университетте тек тілдік дағдыларды дамытуға ғана емес, сонымен қатар Шығыс елдерінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен қазіргі қоғамына дейін жан-жақты назар аударылады. Оқытушылар өз саласын жақсы меңгерген, студенттермен еркін қарым-қатынас орнатып, материалды түсінікті әрі қызықты түрде жеткізеді.
      Сабақтар теория мен практиканы ұштастыра отырып өтеді, бұл алған білімді нақты өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Оқу процесінің атмосферасы өте жайлы, студенттердің ой-пікірін ашық айтуына жағдай жасалған. Шығыс әлемін терең танып, тіл мен мәдениетті қатар меңгеріп, болашақта осы бағытта кәсіби түрде дамығысы келетін талапкерлер үшін шығыстану мамандығы – болашағы зор, таңдауға лайық бағыт деп сенімді түрде айта аламын.
     

    универсиада замена