2025 жылғы 5-10 сәуір аралығында Абылай хан атындағы ҚазҰБМ теориялық және қолданбалы тілтану кафедрасының «ЯЗЫК – ХРАНИТЕЛЬ ПАМЯТИ И ЛЕТ» ОРЫС ТІЛІ ФЕСТИВАЛІ аясында «Өркешті ат» туындысы бойынша анимациялар байқауы өткізілді Аталған іс-шара ақын, прозашы және драматург П.П,Ершовтың туғанына 210 жыл толуына арналған. Байқаудың мақсаты − шығармашылық тұлғаны қалыптастыру, жасанды интеллектті пайдалана отырып, көркем туындылардың бейнелерін түсіндіру негізінде студенттердің креативтілігі мен ойлау ерекшелігін дамыту.
.png)






















