2024 ж. 18 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Ұлттық ғылыми-инновациялық зерттеу академиясының ұйымдастыруымен «Жылдың үздік студенті-2024» халықаралық байқауы өтті. Бұл халықаралық байқауға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің «Шығыстану» БбБ 4 курс студенттері Сайлаукенова Камила Ерлановна, Халел Арай Сымбатқызы, Мукушкина Дильназ Дауренбековна қатысқан болатын. Байқау талаптары бойынша студенттер ғылыми мақалаларын байқауға ұсынды. Ғылыми жетекшілері т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О.
.png)






















