2024 жылдың 15 қарашасында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де студенттер күніне арналған жарқын және шабыттандыратын концерт өтті. Мерекелік іс-шара студенттерді, оқытушыларды және университет әкімшілігінің өкілдерін жинады.
2024 жылдың 15 қарашасында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де студенттер күніне арналған жарқын және шабыттандыратын концерт өтті. Мерекелік іс-шара студенттерді, оқытушыларды және университет әкімшілігінің өкілдерін жинады.
14 қараша күні «Журналистика» білім беру бағдарламасының 1, 2, 3 курс студенттері үшін «Media Professional» орталығының продюсері, «JM PRODUCTION» негізін қалаушы және бас редакторы Жұмабай Ақбота Нұрланқызымен кездесу өтті. «Таңдаған мамандығың болашағыңа жол ашады» атты баяндаманың тақырыбы журналистика саласындағы мансаптық мүмкіндіктер мен кәсіби даму перспективаларын талқылаудың өзегі болды.
14 қараша 2024 жылы Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті ҚР Ұлттық валюта күніне орайластырылған, “Қаржы сауаттылығы негіздері” пәні бойынша университетішілік студенттік пәндік Олимпиаданы Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТ университеті студенттері арасында өткізді.
2024 жылдың 12-13 қарашасында Алматы қаласында журналистерге гендерлік теңдікті, жұбайлық қатынастар мен әкелік міндеттерді насихаттау, сондай-ақ, БАҚ-та гендерлік зорлық-зомбылық мәселелерін жариялау арналған тренинг өтті. Іс-шара Қазақстандағы журналистердің әлеуетін нығайту, гендерлік зорлық-зомбылық сияқты күрделі және сезімтал тақырыптарды сапалы жариялауға көмек көрсету және ерлерді зорлық-зомбылықпен күресуге тарту мен әлеуметтік нормаларды өзгерту концепциясын ілгерілетуге бағытталған ЮНФПА бастамасы аясында ұйымдастырылды.
2024 жылдың 11-12 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университеті «Журналистика» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері Түркітілдес журналистердің V Халықаралық медиа форумына «TURKTIME: Түркі елдерінің БАҚ және туризм бірлігі» қатысты. Шараға Қазақстан, Еуропа, Түркия және Орталық Азия елдерінің жетекші БАҚ өкілдері, туризм саласындағы сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды.
2024 жылдың 12 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттері «Трэвел-журналистика: тақырыптар, аудитория және форматтар» онлайн мастер-классына қатысты.
6 қараша2024 ж.«Халықаралық бизнес» кафедрасының профессоры А.А.Акпарованың 8 қараша Қазақстан Республикасының Ұлттық статистка күніне орайластырылған «Халықаралық бизнес» БББ 2 курс студенттері үшін «Статистика» пәнінен «Іскерлік ойын» форматында ашық сабағы өтті.
31 қазан мен 1 қараша аралығындаУниверситетіміздің БҰҰ моделі командасы Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен CAMUN Хатшылығының ұйымдастыруымен Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымының (CAMUN) 2024 моделіне қатысты. Іс-шара үш тілде жұмыс істейтін алты түрлі комитеттерді біріктіріп, делегаттарға маңызды ақпарат пен баға жетпес кәсіби тәжірибе алу үшін бірегей платформаны ұсынды.
Аударма және филология факультеті "Шетел филологиясы: ағылшын тілі" білім беру бағдарламасының студенттері КеАҚ "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде" өткен Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары атанды.
"8D01721 - Шетел тілі мұғалімдерін даярлау" БББ бойынша емтихандарының бағдарламасы
"8D01721 - Шетел тілі мұғалімдерін даярлау" БББ бойынша сұхбат сұрақтары
"8D02321-Аударма ісі" БББ бойынша емтихандарының бағдарламасы
"8D02322-Шетел филологиясы" БББ бойынша емтихандарының бағдарламасы
"8D03121-Халықаралық қатынастар" БББ бойынша емтихандарының бағдарламасы
Қазанның 21-і күні Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ-нің шығыстану факультеті корей тілі бөлімінің студенттеріне арнайы Корей Республикасы Хангук университетінің профессоры Ким Санчоль мырза қонақ болып «Мультимедиа дәуіріндегі Орталық Азиядағы корейтану мәселелерін зерттеудің жағдайы мен әдістемесі» атты арнайы дәріс өткізді.
2024 жылғы 19-20 қазанда Ablai Khan University аумағында өткен «Pantheon Practice CUP» қалалық пікірсайыс турнирі Алматының түрлі білім беру мекемелерінен қатысушыларды жинады.
2024 жылдың 17 қазанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК клиникалық психологы Маринец Рита Владимировна, инфекционист Әбілек Ұлжан Кемелбекқызы және Университет студенттерінің қатысуымен «Суицидтің алдын алу: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбында семинар өтті.
2024 жылғы 12 қазанда InyazTravel студенттік ұйымы Қазақстандағы ең көркем және тарихи маңызы бар орындардың бірі — Есік көліне ұмытылмас сапар ұйымдастырды. Алматыдан небәрі 70 шақырым жерде орналасқан көл өзінің таңғажайып пейзаждарымен, таза суымен және қызықты тарихымен таң қалдырды.
Қазанның 11 күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақ филологиясы кафедрасы және Мемлекеттік тілді дамыту орталығы оқытушылары ф.ғ.к., доцент Ж.С.Көпбаева, п.ғ.м., аға оқытушы Л.Ж.Хамимульдинова, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ш.А.Нұрмышевалардың ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтары тілдері» мерекесіне және С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Алаштың жарық жұлдыздары» атты факультетаралық байқауы болып өтті.
2024 жылдың 10 қазанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттері қырғыз режиссері Мирлан Абдыкалыков түсірген «Қалыңдықты алып қашу» фильмінің тұсаукесеріне қатысты.
2024 жылдың 4-ші қазан күні Аударма және филология факультетінде Халықаралық аудармашылар күніне арналған іс-шара сәтті өтті. Қазіргі таңда әлемдік мәдениеттердің өзара байланыс орнатуында аудармашылардың алатын орны маңызды екенін көрсету мақсатында «Connecting cultures: Translators in XXI century» атты кеші ұйымдастырылды.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде шетел тілдеріне қызығушылық танытып, болашақ мамандығының қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, актерлік өнерге де ынталы, талантты да ерекше студенттер білім алуда. Соның жарқын мысалы ретінде 2024 жылдың 4 қазанындағы «Ұстаздар күнін» тойлауға арналған ұлы драматург Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» атты трагедиясының музыкалық қойылымы болды. Спектакльді ұйымдастырушы «6В04201-Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Адиев Әділ. «Халықаралық қатынастар», «Аударма ісі», «Шетел филологиясы», «Екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау», «Журналистика», «Туризм», «Шығыстану», «Менеджмент» факультеттерінде оқитын түрлі студенттердің қатысуымен кеш керемет өтті.
25.09.2024 жылы педагогика ғылымдарының құрметті докторы Чо Гю Юн Шығыстану факультетінің «Шетел филологиясы», «Аударма ісі», «Шығыстану» білім беру бағдарламалары бойынша корей бөлімінің 1-4 курс студенттеріне арнайы дәріс өткізді.
Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында 2024 жылғы 24 қыркүйекте АҚ «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің» Халықаралық құқық кафедрасы халықаралық «ЖАНАШЫР» қоғамдық қорының қолдауымен «6В04202 Халықаралық құқық» Білім беру бағдарламасы оқытушылары мен студенттеріне «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында азаматтарды оқыту және ағарту» тақырыбында мастер-класс өткізді.