Шығыстану факультетінің студенттері Ерен Айзере, Сатыбалдина Еркеназ және Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттері Қалтай Аружан, Асилбек Аружан «Түркі әлемінің цифрлық азаматтығы» атты халықаралық онлайн курс жобасына оқытушылар т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. мен аға оқытушы Мажикенова Ж. жетекшілігімен қатысып, Түркия Республикасында ұйымдастырылған ғылыми лагерьге жолдама жеңіп алған еді. Бұл жоба 02.11.2023 ж. - 5.02. 2024 ж. аралығында өтті. Нәтижесінде студенттеріміз 27 тамыз - 1 қыркүйек аралығында Түркия Республикасының Чанаккале Онсекиз Март университетінде өткен ғылыми лагерьге Қазақстан бойынша қатысты. Ғылыми лагерьдегі координаторы Есеркепова Ж.О. болды.