15 қыркүйекте Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-да Халықаралық өзара іс-қимыл және даму қауымдастығының (JIDA) Жапониядан келген делегациясымен кездесу өтті.
15 қыркүйекте Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-да Халықаралық өзара іс-қимыл және даму қауымдастығының (JIDA) Жапониядан келген делегациясымен кездесу өтті.
2026 жылғы 15 қыркүйекте Шетел тілдері педагогикалық факультетінің 1-курс студенттері үшін жаңа оқу және әлеуметтік ортаға бейімделуге арналған психологиялық тренинг өткізілді.
14 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Су Фанцю бастаған делегация Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне сапармен келді.
3 қыркүйекте шығыстану факультетінде студенттердің Токио қаласындағы Васеда университетінен профессор Огихара Ацуси бастап келген делегациямен дәстүрлі қыркүйек кездесуі өтті.
Бүгін ерекше күн — университет жаңа оқу жылына өз есігін айқара ашады! Абылай хан атындағы университет тағы да студенттердің күлкісіне, жалынды энергиясы мен жаңа белестерді бағындыруға деген құштарлығына толы.
Жатақханаға орналасу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
2026 жылғы 19–22 тамыз аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Жаһандық белгісіздік жағдайындағы саяси институттар: ішкі тұрақтылық пен сыртқы сын-қатерлер арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында XV Халықаралық саясаттанушылар жазғы мектебі өтуде. Іс-шараны Қазақстан саяси зерттеулер қауымдастығы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы бірлесіп ұйымдастыруда.
10 тамызда Қазақстанда ұлы қазақ ақыны, ойшыл, композитор және қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Абай күні ресми түрде атап өтіледі. 2026 жылғы 10 тамызда Басқарма Төрағасы – Ректордың м.а. Д.А. Кунанбаеваның басшылығымен Ablaikhan University делегациясы Алматы қаласындағы Абай алаңында өткен Абай Құнанбайұлына гүл қою рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды, сондай-ақ білім, ғылым және өнер саласының көрнекті өкілдері қатысты.
2026 жылғы 29 шілдеде Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Басқарма Төрағасы – Ректорының м.а. Кунанбаева Дана Ануварбековна Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің тапсырмасы аясында университеттің 2025–2026 оқу жылындағы тәрбие және әлеуметтік жұмысының нәтижелері бойынша есеп ұсынды. Баяндаманы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Акерке Абылайхан тыңдады.
2026 жылғы 13-18 шілде аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті роман тілдері кафедрасының оқытушылары Р.М. Бақтиярова, Д.А. Турдиева және Н.С. Бесирова Францияның Ницца қаласындағы Франкофониа университетінде біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтті.