Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қытай тілі мен мәдениетін меңгеріп жүрген дарынды студенттердің басын қосқан «Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауының республикалық кезеңі өтті.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қытай тілі мен мәдениетін меңгеріп жүрген дарынды студенттердің басын қосқан «Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауының республикалық кезеңі өтті.
Алматы қаласында жастар шығармашылығын қолдауға бағытталған дәстүрлі Jas Gala 2026 қалалық көктемгі шығармашылық фестивалі өтті. Ауқымды фестиваль талантты студент жастардың басын қосып, олардың өнер, музыка, медиа және шығармашылық индустриялар саласындағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
2026 жылғы 22 мамырда Ablai Khan University-де университеттің ең белсенді, талантты әрі бастамашыл студенттерін біріктірген дәстүрлі «AU Awards 2026» жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті.
2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті базасында «6B01705 — Шетел тілі: екі шетел тілі» (француз және неміс тілдері) білім беру бағдарламалары бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
21 мамыр күні Ablai Khan University-де студенттердің «Отбасы банк» АҚ өкілімен «Ұлттық қор — балаларға» тақырыбында кездесуі өтті.
2026 жылғы 21 мамырда Шығыстану кафедрасы 2-курс студенттері арасында ағылшын тілі бойынша TED Talk форматында конкурс өткізді.
2026 жылғы 21 мамырда әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Серёжкина Т.В.-ның университеттің декан орынбасарлары және кураторларымен онлайн-кездесуі өтті. Кездесуге Ablaikhan University декан орынбасарлары мен кураторлары қатысты.
Жыл сайын 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық отбасы күні аясында университетте 15–19 мамыр аралығында «Қазіргі қазақстандық қоғам мен әлемдегі отбасы құндылығы» тақырыбында кураторлық сағаттар ұйымдастырылды.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің делегациясы «Қытай-Орталық Азия мемлекеттік басқару және тұрақты даму форумы» халықаралық форумына қатысты.
2025–2026 оқу жылында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыс филологиясы кафедрасы мен шығыс тілдері аударма кафедрасының оқытушылары Korea Literature Translation Institute қолдауымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және SDU University-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Шетелдегі аударма білімін қолдау бағдарламасы» жобасына қатысуда.
Қаскеев Санжар, «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-теориялық конференция аясында өткен республикалық терминологиялық байқауда құрметті III орын иегері атанды.