2026 жылғы 26 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасы Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Қалабайқызы Палуанованың қатысуымен ақпараттық кездесу өтті.
2026 жылғы 26 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасы Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Қалабайқызы Палуанованың қатысуымен ақпараттық кездесу өтті.
2025 жылдың 25 маусымында Халықаралық құқық кафедрасы конституциялық құқық саласындағы жетекші сарапшы және Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясын әзірлеуге бастамашы болған ғалымдардың бірі, заң ғылымдарының докторы, профессор Эдуард Булатұлы Мұхамеджановтың қатысуымен «Конституция: болашаққа бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және И.Н. Ульянов атындағы Ульяновск мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ) арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде лингвистика және ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Қонакова Клара Өмірзаққызы 20 қараша 2025 жылы - 21 маусым 2026 жылы аралығында өткен «Менің интеллект-траекториям» VII Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына (бұдан әрі - Конкурс) қатысты. Байқау студент жастарды ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне баулу және ғылымның әлеуметтік лифт ретіндегі рөлі туралы түсінік қалыптастыру арқылы олардың кәсіпаралық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Құттықтаймыз!
6В02201 - «Шығыстану» білім беру бағдарламасының студенті Арғынқызы Арша дипломалды өндірістік практикасын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде сәтті өтті.
Лондон, 18 маусым: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті QS World University Rankings рейтингінің жиырма үшінші басылымына сәйкес әлемнің үздік университеттерінің бірі ретінде танылды.
2026 жылғы 12 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде BRI-2026 халықаралық форумы: «Қытай – Орталық Азия: Цифрлық Жібек жолы, білім беру және инновациялар» аясында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық дипломатиясы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Жыл сайын Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Аударма және филология факультетінде студенттердің мәдениетаралық коммуникациясын дамытуға және тілдік дағдыларын жетілдіруге арналған мәдени алмасу бағдарламасы өткізіледі. Бұл бастама халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында жүзеге асырылып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы академиялық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.
2026 жылғы 11 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Қытай - Орталық Азия: Цифрлық Жібек жолы, білім және жасанды интеллект» BRI-2026 халықаралық форумы өтті.
2026 жылғы 8 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыстану факультетінің «6B02201 - Шығыстану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Д.С. Қалилаева мен Е.В. Маяков Қарағанды Қазтұтынуодағы университеті ұйымдастырған «Гендерлік тәсіл контексіндегі еңбек көші-қоны мен орнықты даму арасындағы өзара байланыс» тақырыбындағы республикалық ғылыми эссе байқауында жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2026 жылғы 4 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің психологы Низамудин Мухаббат Арманқызы Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының психологтарына арналған кездесуге қатысты. Аталған іс-шараны Халықаралық білім беру корпорациясы кәсіби тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту бастамасы аясында ҚазБСҚА базасында ұйымдастырды. Кездесуге Алматы қаласы жоғары оқу орындарының психологиялық қызмет өкілдері қатысты.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына деген құрметті білдіретін ерекше мереке ретінде аталып өтеді. Дәл осы күні, 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері ресми түрде бекітілген болатын.