Қазақ халқында «Күлкі – көңіл көркі» деген тәмсіл бар. Қазіргі инновациялық технологиялар ғасырында адамдардың әзіл-қалжыңы жарасып, көтеріңкі көңіл күйде жүруінің де маңызы зор. Көтеріңкі көңіл-күй адамға шабыт сыйлайды, шабыттан шығармашылық дамиды. Қазіргші кезде телеарналарда әзіл-оспақ бағдарламаларға көбірек орын береді. Біздің университетіміз де орынды, астарлы, мағыналы әзілге қарсы емес. Студенттердің шығармашылығын жетілдіретін, юморға құрылған осынау ойын түрін біліп отырған да боларсыздар, ол әрине – КТК! Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де КТК-ның финалдық ойыны 26 ақпанда «Жас Отан»жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті. Финалға өткен 4 команда тамаша ойын көрсетті. Әділқазылар алқасы да өте талапшыл болды, ойынды жан-жақты бағалады. Ойынды залдағы көңілді көрермендер қошаметі мен назарынан ақ бағалауға болады. Ойынды юморист Айтенов Ақан жүргізді.