7M11113 – «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі
Білім беру бағдарламасы мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама қонақжайлылық индустриясындағы үдерістерді ұйымдастыру, басқару, жоспарлау және болжау салаларында заманауи теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгерген мамандарды қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің жаһандық даму үрдістерін ескере отырып, басқарушылық, ғылыми-зерттеу, жобалық және сараптамалық қызмет салаларында кәсіби құзыреттерді дамытуға бағдарланған.
Білім беру бағдарламасының қосымша артықшылығы – оқытудың пәнаралық тәсілін қолдану, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми конференцияларға белсенді қатысуы, сондай-ақ серіктес жоғары оқу орындары мен бейінді ұйымдарда тағылымдамадан және зерттеу тәжірибесінен өту мүмкіндігі («Universita IULM», Милан қ., Хайнань тропикалық мұхит университеті (Hainan Tropical Ocean University), Қытай).
Оқу түрі мен шарттары
Оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен (білім беру гранты негізінде), сондай-ақ жеке қаражат (немесе өзге де қаражат түрлері) есебінен жүзеге асырылады.
Оқыту формасы: күндізгі.
Карьералық мүмкіндіктері:
Білім беру бағдарламасының түлектері туризм мен қызмет көрсету саласын дамытуға байланысты мемлекеттік басқару органдарында, мейрамхана және қонақ үй кәсіпорындарында, қонақжайлылық индустриясы компанияларында, консалтингтік және маркетингтік ұйымдарда, туристік және қонақ үй инфрақұрылымы нысандарында, сондай-ақ мейрамхана және қонақ үй бизнесі саласында мамандар даярлаумен айналысатын ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде кәсіби қызмет атқара алады.
Бейіндік пәндер:
Мейрамхана және қонақ үй бизнесінің дамуын жоспарлау және болжау әдіснамасы
Қонақжайлылық индустриясының тұрақты дамуын басқарудың заманауи тәсілдері
Мейрамхана және қонақ үй бизнесінің даму үрдістерін талдау
Мейрамхана және қонақ үй өнімін қалыптастыру және стратегиялық ілгерілету технологиялары
Біздің серіктестеріміз:
EURHODIP – Еуропадағы жетекші қонақ үй мектебі (Бельгия)
ҚТҚ – Қазақстан туристік қауымдастығы
ҚҚҮМҚ – Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы
«KZ BOOKING – Hotel Astana» ЖШС
«Leado – Alatau сауықтыру кешені» ЖШС
«Salem Hotel Management» ЖШС
«Aksay Kazakhstan» ЖШС
«Crown Star» ЖШС
«Uma Company Shym» ЖШС
«Жарахат» – Royal Tulip қонақ үйі ЖШС
«Solis Ltd» – Rixos Almaty қонақ үйі ЖШС
«Restaurant KZ – Botanika» ЖШС
«SANDYK WORLD» – Sandyq мейрамханасы ЖШС
«Central City Properties» – Regent Palace қонақ үйі ЖШС
Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін берілетін дәреже:
Қызмет көрсету саласындағы магистр
7M11113 – «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі», ғылыми-педагогикалық бағыт)
7M11113 – «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасына қош келдіңіз!

.png)






















