Шетел филологиясы (Шығыс тілдері)

Академиялық дәрежесі: гуманитарлық ғылымдар бакалавры

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқыту тілі: корей/қытай/түрік/араб/жапон

Екінші шет тілі: ағылшын

           «Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» білім беру бағдарламасы шығыс тілдерін жетік меңгерген, шетел филологиясы, лингвистика, әдебиеттану және мәдениетаралық коммуникация салаларында терең білімі бар, сұранысқа ие мамандарды кәсіби даярлауға бағытталған.

          Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес құрастырылған және түлектерді түлектерді оқытушылық, аудармашылық, ғылыми зерттеу және мәдениетаралық коммуникация саласындағы кәсіби қызметке қажетті компетенциялармен қамтамасыз етеді.

          «Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» бағдарламасының бірегей артықшылықтары – шығыс тілдерін, мәдениеті мен әдебиетін жан-жақты меңгеру, бұл тілдік компетенцияны игеруге, тиімді мәдениетаралық қарым-қатынас пен халықаралық ортада жұмыс істеу үшін зерттелетін аймақтардың тарихы мен дәстүрі, менталитетінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның қосымша артықшылығы-ғылыми зерттеулер мен жобалар, халықаралық конкурстар мен олимпиадалар, студенттердің шығыс елдерінің серіктес жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлығы.

          Білім беру бағдарламасының ерекшелігі студенттерге зерттелетін тілді іскерлік және ғылыми салада сенімді пайдалануға мүмкіндік беретін «Кәсіптік-коммуникативтік практикум», «Мамандандырылған шет тілі», «Шетел әдебиеті», «Академиялық мақсаттарға арналған тіл», «Мәдениетаралық коммуникация және іскерлік дискурс» пәндерін оқу аясында филологтарды даярлау болып айқындалады.

         Докторлар, ғылым кандидаттары және ғылым магистрлері кіретін профессорлық-оқытушылар құрамы оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын пайдаланады, мысалы: кейс-стади, жобалық іс-шаралар, іскерлік ойындар, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау, сонымен қатар жеке және топтық жұмыс.

         Бағдарлама түлектері келесі құрылымдарда жұмыс істей алады:

  • білім беру мекемелері;
  • халықаралық ұйымдар;
  • дипломатиялық өкілдіктер, консулдықтар;
  • газеттер мен журналдардың редакциялары, баспалар, БАҚ;
  • туристік және мәдени ұйымдар;
  • аударма агенттіктері, консалтингтік компаниялар;
  • ғылыми-зерттеу институттары.

        Түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  • педагогикалық, ғылыми-зерттеу, ағартушылық қызмет;
  • аударма қызметі;
  • редакциялық және баспа қызметі;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық, мәдени-ағартушылық жұмыс;
  • мәдениетаралық коммуникациялар және халықаралық қатынастар саласындағы аналитикалық, сараптамалық қызмет.

Бейіндік пәндер: шет тілі/дүниежүзі тарихы

Печать E-mail

универсиада замена