Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Кафедра Қонақжайлылық менеджменті

Бағдарлама туралы

Дайындық бағыты:6В111 Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламалары тобы: В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Білім беру бағдарламасының шифры: 6В11102 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Академиялық дәрежесі: Қызмет көрсету саласының бакалавры

2023 жылғы АРТА рейтингінде 5 орын алады.

Халықаралық және ұлттық қауымдастықтардың мүшесі:

EURHODIP –The Leading Hotel School in Europe (Belgium)

KTҚ – Қазақстандық туристік қауымдастығы

ҚҚмМҚ - Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы

«6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» БББ бірегейлігі - жұмыс берушілердің, жетекші отандық және шетелдік профессорлар мен ғалымдардың қатысуымен жеке ғылыми нәтижелер негізінде әзірленген білім беру оқу бағдарламаларын енгізу, ҚР Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында және шетелде кәсіби практикадан өту арқылы білім беру процесін жаңғырту өзекті кәсіби құзыреттерді шоғырландырудан тұрады.

«6В11102 МІМБ» БББ қызмет көрсету саласының бакалаврының негізгі міндеттері:

  • қонақтарды қабылдау, бөлу, қызмет көрсету және тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды;
  • қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында ұйымдастырушылық-стратегиялық міндеттерді шешуге қатысуды;
  • шағымдарды қарау және олардың алдын алу шараларын қолдануды;
  • кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды қолдануды;
  • қаржылық тұрақтылықты арттыру үшін тиімді басқару шешімдерін қабылдау әдістерін қолдану және қонақ үй мен мейрамхана бизнесі кәсіпорнын ашудың экономикалық орындылығын негіздеу.
  • операциялық процестерді басқару, қонақтарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қаржылық бақылау
  • маркетинг және сату, қауіпсіздік және сапа стандарттарын сақтау.

Өндірістік тәжірибе:

  • Алматы қ. және ҚР мейрамханалары мен қонақ үй кешендерінде;
  • Алматы қ. және ҚР санаторийлері мен курорттарында;
  • Түркия, Грекия және Қытайдың қонақ үй және мейрамхана кешендерінде.

Академиялық ұтқырлық:

  1. Inholland University of Applied Science /Нидерланды/
  2. Hanze University of Applied Sciences /Нидерланды/
  3. Information Systems Management Institute /Латвия/
  4. Baltic International Academy /Латвия/
  5. Kastamonu University /Түркия/
  6. Анталиядағы туризм академиясы /Түркия/
  7. Management Development Institute of Singapore in Tashkent /Өзбекстан/
  8. Ankara Hacı Bayram Veli University /Turkey/

Кәсіби қызмет саласы:

  • мейрамхана және қонақ үй бизнесімен айналысатын мемлекеттік және жеке компанияларда;
  • қызмет көрсету саласы, тамақтануды ұйымдастырумен байланысты кәсіпорындарда (мейрамханалар, қонақ үйлер және басқа құрылымдар);
  • тамақтандыру ұйымдарында тамақтануды дамыту, маркетинг мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдарында;
  • қонақ үй бизнесін ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдарында (министрліктер, әкімдіктер, олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары);
  • қонақжайлылық индустриясын реттейтін республикалық және халықаралық ұйымдарда, орналастыру саласындағы кәсіпорындарда, санаторий-курорттық мекемелерде;
  • ішкі және сыртқы нарыққа мейрамхана ісінің және мейманхана бизнесінің қызметтерін жылжытумен айналысатын жарнама агенттіктерінде;
  • «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» БББ түлектері «7М11113 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» БББ бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады.

«6В11102 МІМБ» БББ түлектерін жұмысқа орналастыру:

  • инновациялық менеджер (қонақ үй бизнесінде)
  • BigData талдаушысы (туризм саласында)
  • туристік өнімдерді жылжыту бойынша интернет менеджер
  • қонақ үй/мейрамхана менеджерлері, беделді қонақ үйлердегі, мейрамханалардағы, барлардағы, кафелердегі және т.б. жетекші менеджерлер
  • басқарушылық қызметке бейімділігі бар менеджерлер (қонақ үй шаруашылықтарын, тамақтану кәсіпорындарын басқару)
  • жергілікті атқарушы органдардағы туризм департаментінің қызметкерлері/басшылары
  • туристік және қонақ үй-мейрамхана кешенінің түрлі қызметтерінің басшылары
  • қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарындағы іс-шараларды ұйымдастырушылар, сату менеджерлері, бренд-менеджерлер
  • қонақжайлылық индустриясын реттейтін республикалық және халықаралық ұйымдардағы, орналастыру саласындағы кәсіпорындардағы, санаторий-курорттық мекемелердегі маман-сарапшылар
  • қонақ үй және мейрамхана қызметтерін ішкі және сыртқы нарыққа жылжытумен айналысатын агенттіктердегі менеджерлер
  • халықаралық және ішкі туризм бойынша менеджерлер
  • event-іс-шараны ұйымдастырушылар
  • қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының маркетологтары мен маркетинг бөлімдерінің басшылары
  • қонақ үй кәсіпорындары мен тамақтану кәсіпорындарының жарнама қызметтерінің басшылары

Шет тілдерін білуді бағалаудың жалпыеуропалық жүйесі бойынша шет тілін (ағылшын) (CEFR - Common European Framework of Reference for Languages) және ақылы негізде таңдау бойынша екінші шет тілін үйрену мүмкіндігі

Бейіндік пәндер:

Мектеп түлектері үшін: География + шет тілі

Ең төменгі балл: ақылы бөлімге - 65,

грант конкурсына қатысу үшін - 80

Колледж түлектері үшін: Тарих + Мейрамханалар мен қонақ үй шаруашылықтарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Ең төменгі балл: грант конкурсына қатысу үшін - 25,

Ақылы бөлімге - сұхбаттасу

Печать E-mail

универсиада замена