Аударма ісі

Дайындау бағыты: 6B023 Тілдер мен әдебиет

Білім беру бағдарламалар тобы: В036- аударма ісі

Мамандығы: 6В02302 аударма ісі (шығыс тілдері: араб, қытай, корей)

  • 25 жыл ішінде тәжірибелі оқытушылар шығыс тілдерінің мамандарын даярлауға үлкен үлес қосуда;
  • Кафедраны 1998 жылдан бастап университетте шығыс тілдерінің негізі қаланған филология ғылымдарының кандидаты, доцент Джельдыбаева Раушан Базикенқызы басқарады.
  • Кафедра құрамына 3 секция бар, олар: араб,кәріс, қытай тілдері;
  • Факультетте корейтану орталығы, Конфуций институты бар;
  • Әртүрлі халықаралық, дипломатиялық және бизнес ұйымдармен белсенді түрде ынтымақтаса жұмыс жасайды;
  • Халықаралық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықаралық және республикалық олимпиадалар өткізіледі.

Minors бойынша мамандар даярлау:

  • Халықаралық аудармашы;
  • Медиакоммуникация саласындағы маман;
  • Бизнес қатынас және экономика аударма саласындағы маман;
  • Кросс-мәдени қатынас саласындағы маман.

Аударма ісі бакалавры:

  • Шет тілін мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде қолдана алады, шет тілді ортада жұмыс істей алады;
  • Сөйлеу және іскерлік этикетті, ауызша және жазбаша сөйлеуді кәсіби жеткілікті деңгейде меңгереді;
  • Іскерлік құжаттаманың аударма негіздерін меңгереді (ауызша/жазбаша);

Мамандану:

  • референт-аудармашы,
  • гид-аудармашы,
  • аударылған мәтіндердің редакторы,
  • мәдениетаралық қатынас маманы,
  • аударма бойынша жоба менеджері,
  • медиа коммуникация саласындағы аудармашы,
  • аударматану, аударма теориясы мен мәдениетаралық қатысым маманы,
  • кәсіби-салалық аударма маманы.

Тәжірибе:

  • Аударма орталықтарында, фирмаларда, кәсіпорындарда өзіңіз меңгерген біліміңізді қолдана отырып өндірістік тәжірибеден өтесіз;

   Біліміңізді жетілдіру мақсатында Академиялық алмасу бағдарламалары бойынша оқытылатын тіл елдеріне тілдік тәжіибиден өте аласыз:

  • Оңтүстік Корея, Қытай, Азия және Африка Араб елдері;

Болашақ жұмыс орындар:

  • шет елдердің елшіліктері мен өкілдіктерінде, аударма орталықтарында сондай-ақ шет тілдерін білетін мамандарға қажеттілік бар фирмаларда.

Аптасына 12 сағат (1 және 2 курс) және жоғары курстарда 10 сағат (3 және 4 курстар) көлемінде шет тілін үйренуге бірегей мүмкіндік аласыз.)

Есте сақтаңыз

Мектеп түлектері үшін
Бейіндік пәндер: Шет тілі+дүниежүзі тарихы
Шекті балл: ақылы түрде -70,
Грант конкурсына қатысу -100
Колледж түлектері үшін (қысқартылған оқу түрі)
Бейіндік пәндер: Шет тілі+қазақ тілі
Шекті балл: Грант конкурсына қатысу -25
Ақылы түрде -сұхбаттасу

Печать E-mail

универсиада замена