Халықаралық құқық кафедрасы
Дайындау бағыты: 6В042 Құқық (Халықаралық құқық, Құқықтану,)
Білім беру бағдарламалар тобы: Құқық
Мамандығы: құқық бакалавры
- Құқықтану саласында мамандарды дайындауда 25 жыл ішінде мамандықтың қалыптасуы мен дамуына тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы үлкен үлес қосты;
- Кафедраны заң ғылымдарының кандидаты, доцент Байжомартова Қарлығаш Асылжомартовна басқарады.
- Кафедра екі мамандық бойынша мамандарды даярлайды Халықаралық құқық және құқықтану;
- Әртүрлі шетелдік, дипломатиялық және құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың құрылымдарымен ( БҰҰ, ЕҚЫҰ және т. б.) белсенді халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
- Халықаралық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықаралық және республикалық олимпиадалар өткізіледі.
Minors бойынша мамандар даярлау:
- Логистикалық-көліктік тасмалдауды құқықтық қамтамасыз ету;
- Халықаралық қаржы құқығы;
- Азаматтық құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі;
- Экономикалық қызметтегі құқықтық сараптама.
Құқық бакалавры:
- Құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде халықаралық және отандық құқық бойынша меңгерген білімдерін қолдана алады (СІМ, ҰҚК, ІІМ және т. б.) ;
- шет тілін жеткілікті деңгейде меңгерген әртүрлі органдар мен ұйымдардың заң бөлімшелерінде жұмыс жасайтын құқық маманын даярлайды
- нақты құқықтық нормаларды жүзеге асыру барысында қажетті құқықтық нормаларды кәсіби талқылау және қолдану қабілеттілігін меңгереді;
Мамандану:
- ұлттық және халықаралық құқық негіздерін білуге;
- құқық қорғау және құқық қолдану құрылымдарының қызметіне;
- құқықтық құжаттарды толтыру дағдыларын меңгеруге;
- азаматттардың құқықтықтары мен заңды мүдделерін құқықтық қорғау негіздеріне;
Тәжірибе:
- құқық қорғау органдарында (ҰҚК, ІІМ, СЭР, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бөлімшелерінде), мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың заң бөлімшелерінде, сондай-ақ банктерде, ірі , орта және шағын бизнес кәсіпорындарында.;
- Нотариалдық кеңсе және кедендік бекеттерде, адвокатурада, әкімдіктерде; өндірістік тәжірибеден өтесіз;
Академиялық алмасу бағдарламалары бойынша оқытылатын тіл елдері:
- Оңтүстік Корея, Испания,Германия, Қытай;
Болашақ жұмыс орындары:
- Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың заң бөлімшелерінде, сондай-ақ бизнес-құрылымдарда ( СІМ, әкімдіктер, банктер және т. б.)
- Құқық қорғау органдарында (ҰҚК, ІІМ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Экономикалық тергеу қызметі)
- орта және жоғары оқу орындарында жұмыс атқара аласыз;
Барлық студенттер бірлескен қызмет туралы келісім-шарт негізінде аталған ұйымдарда тәжірибеден және тағылымдамадан өтеді.
Сіз еңбек қызметін және ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін жеткілікті деңгейде шет тілін үйренуге бірегей мүмкіндік аласыз.
Мектеп түлектері үшін
Бейіндік пәндер: Дүниежүзі тарихы+ құқық негіздері
Шекті балл: ақылы түрде -75,
Грант конкурсына қатысу -100
Колледж түлектері үшін (қысқартылған оқу түрі)
Ақылы түрде -сұхбаттасу