Туризм

Халықаралық туризм менеджменті кафедрасы

1) Бағдарлама туралы

Даярлау бағыты: 6В111 Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламаларының тобы: В091 -Туризм

Білім беру бағдарламасының шифры: 6В11101 Туризм

Академиялық дәрежесі: Қызмет көрсету саласының бакалавры

2023 жылғы APTA рейтингінде 5-орынды иеленді.

Халықаралық және ұлттық қауымдастықтардың мүшесі:

EURHODIP –The Leading Hotel School in Europe (Belgium)

KTA - Қазақстанның туристік қауымдастығы

КАГиР - Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы

«6В11101 Туризм» білім беру бағдарламасының бірегейлігі:

  • ағымдағы кәсіби құзыреттіліктерді жинақтау;
  • жұмыс берушілердің, отандық және шетелдік жетекші профессорлар мен ғалымдардың қатысуымен өзіндік ғылыми нәтижелер негізінде әзірленген оқу бағдарламаларын енгізу арқылы оқу үдерісін жаңғырту;
  • тілдік даярлықтың жоғары деңгейі;
  • БББ мазмұнын кәсіпкерлік, ғылыми-зерттеу және басқару құзыреттерін дамытуға бағыттау;
  • ҚР және шетелдегі туризм және қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында кәсіптік практикадан өту.

Келесі бағыттар бойынша мамандарды даярлау:

6В11101 Туризм білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалаврдың негізгі міндеттері:

  • туристік қызметті ұйымдастырудың негізгі принциптері мен әдістерін зерттеу;
  • әртүрлі елдердің туристік әлеуеті туралы білім алу;
  • елдің тарихи-мәдени мұрасын, ішкі және халықаралық туризмнің әлеуметтік маңызды мәселелерін ескере отырып, туристік маршруттар мен бағдарламаларды жоспарлау және әзірлеу дағдыларын меңгеру;
  • тұтынушыларды тарту және туристік қызметтерді ілгерілету үшін туризм саласындағы технологиялар мен маркетинг құралдарын зерттеу;
  • туристік кәсіпорындарды, оның ішінде туроператорлық және туристік агенттік қызметін, қонақ үй бизнесін және мейрамхана бизнесін ұйымдастыру және басқару дағдыларын меңгеру;
  • туристік нарықты және оның бизнес пен менеджментте шешім қабылдау үрдістерін талдау;
  • сәтті іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру үшін қажетті әдістер мен стратегияларды қолдану;
  • қаржылық тұрақтылықты арттыру үшін тиімді басқару шешімдерін қабылдау әдістерін қолдану, туристік және қонақ үй бизнесі кәсіпорнын ашудың экономикалық орындылығын негіздеу.

Өндірістік практика:

  • туристік агенттіктер мен туроператорлық компаниялар
  • Алматы және Қазақстан Республикасының туристік ақпараттық орталықтары
  • Алматы және Қазақстан Республикасындағы мейрамханалар мен қонақ үй кешендері
  • Алматы және Қазақстан Республикасындағы санаторийлер мен курорттар
  • Түркия, Греция және Қытай қонақ үй және мейрамхана кешендері

Академиялық ұтқырлық:

  1. Инхолланд қолданбалы ғылым университеті /Нидерланды/
  2. Инсубриа университеті, Италия
  3. Ханзе қолданбалы ғылымдар университеті /Нидерланды/
  4. Ақпараттық жүйелерді басқару институты /Латвия/
  5. Балтық халықаралық академиясы /Латвия/
  6. Кастамону университеті /Түркия/
  7. Анталиядағы Туризм академиясы /Түркия/
  8. Ташкенттегі Сингапур менеджментті дамыту институты /Өзбекстан/
  9. Анкара Хажы Байрам Вели университеті /Түркия/

Кәсіби қызмет саласы:

  • туризм және мейрамхана және қонақ үй бизнесімен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;
  • туроператорлық компаниялар мен туристік агенттіктер:
  • қызмет көрсету саласы, қоғамдық тамақтандыруға байланысты кәсіпорындар (мейрамханалар, қонақ үйлер және басқа құрылымдар);
  • туристік бизнесті ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік органдар (министрліктер, әкімдіктер, олардың аймақтық бөлімшелері мен құрылымдары);
  • қонақжайлылық саласын реттейтін республикалық және халықаралық ұйымдарда, орналастыру кәсіпорындарында, санаториялық-курорттық мекемелерде;
  • туризм және қонақжайлылық саласындағы қызметтерді ішкі және сыртқы нарыққа жылжытумен айналысатын жарнама агенттіктері;
  • 6B11101 «Туризм» Білім беру бағдарламасының түлектері 7M11111 «Туризм» мамандығы бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады.

6В11101 Туризм Білім беру бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру:

  • инновациялық менеджер (қонақ үй бизнесінде)
  • BigData талдаушысы (туризм бойынша)
  • туристік өнімді жылжыту бойынша интернет-менеджер.
  • туристік және рекреациялық аймақтарды жобалаушы;
  • туристік маршрут навигаторын әзірлеуші;
  • этнотуризм менеджері;
  • туристік бағыттардың бренд менеджері;
  • медициналық (қолжетімді) туризм менеджері;
  • қауіпсіз туризм менеджері.
  • жергілікті атқарушы органдардағы туризм бөлімінің қызметкерлері/басшылары
  • туристік және қонақ үй-мейрамхана кешенінің түрлі қызметтерінің басшылары.
  • қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарындағы іс-шараларды ұйымдастырушылар, сату менеджерлері, бренд менеджерлері
  • қонақ үй және мейрамхана қызметтерін ішкі және сыртқы нарыққа жылжытумен айналысатын агенттіктердегі менеджері
  • халықаралық және ішкі туризм менеджері
  • іс-шара ұйымдастырушысы
  • қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының маркетологтары мен маркетинг бөлімдерінің басшылары

Шет тілдерін білуді бағалаудың жалпыеуропалық жүйесі (CEFR - Common European Framework of Reference for Languages) бойынша шет тілін (ағылшын тілін) және ақылы негізде таңдау бойынша екінші шет тілін оқыту мүмкіндігі

Бейінді пәндер:

Мектеп түлектері үшін: География + Шет тілі

Ең төменгі балл: ақылы бөлімге - 65,

грантқа арналған конкурсқа қатысу үшін - 80

Колледж түлектері үшін: География + Туристік қызметті ұйымдастыру

Ең төменгі балл: грант конкурсына қатысу үшін - 25,

Ақылы бөлімшеге – сұхбат негізінде

Печать E-mail

универсиада замена