7М03111 – «Халықаралық қатынастар (ғылыми-педагогикалық бағыт)».
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі
7М03111 – «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы халықаралық қатынастар саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама түлектерінің аналитикалық, зерттеушілік және ғылыми-педагогикалық құзыреттерін қалыптастыруды көздейді.
Бағдарлама білім алушыларға қазіргі халықаралық үдерістерді, мемлекеттердің геосаяси және геоэкономикалық бәсекелестігін, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің негізгі мәселелерін талдау қабілетін қалыптастырады. Экономикалық, құқықтық және саяси факторлардың халықаралық қатынастар мен жаһандық қауіпсіздікке әсерін бағалауға ерекше назар аударылады.
Бағдарламаның бірегейлігі - геосаясат, геоэкономика, халықаралық қауіпсіздік және халықаралық құқықты біріктіретін пәнаралық тәсілінде.
Бағдарлама сыни ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуға, мемлекеттер мен трансұлттық корпорациялардың қызметін талдауға, сондай-ақ экономикалық, энергетикалық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, қазіргі жаһандық сын-қатерлерді зерделеуге бағытталған.
Қосымша артықшылықтар
Бағдарлама аясында студенттердің академиялық ұтқырлығы келесі серіктес жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады:
- Чанкыры Каратекин университеті (Çankırı Karatekin University, Түркия),
- Чанаккале университеті, Түркия (Çanakkale Onsekiz Mart University),
- Ветеран Джакарта университеті, Индонезия (UPN Veteran Jakarta University).
Оқу түрі мен шарттары
Оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен (білім беру гранты негізінде), сондай-ақ жеке қаражат (немесе өзге де қаражат түрлері) есебінен жүзеге асырылады.
Оқыту формасы: күндізгі.
Мансаптық мүмкіндіктер
«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының түлектері мемлекеттік органдарда, халықаралық және үкіметаралық ұйымдарда, талдамалық және стратегиялық орталықтарда, сондай-ақ дипломатиялық және сыртқы саяси құрылымдарда қызмет атқара алады.
Сонымен қатар, түлектер халықаралық ынтымақтастық бөлімдерінде, компанияларда, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде, консалтингтік ұйымдарда, талдамалық бұқаралық ақпарат құралдары мен сараптамалық платформаларда жұмыс істей алады.
Бейіндік пәндер:
- Халықаралық қатынастар теориясы;
- Аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен қауіптері;
- Халықаралық құқық жүйесіндегі жаңа әлемдік тәртіп;
- Қазіргі заманғы геоэкономикалық үдерістер және экономикалық қауіпсіздіктің жаңа парадигмалары;
- Жаңа геосаясат және халықаралық қатынастарды талдаудағы геоэкономиканың рөлі;
- Аймақтық ақпараттық және энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін реттеудегі халықаралық-құқықтық тәсілдер;
- Трансұлттық жобалар және өндірістің трансұлттануы.
Біздің серіктестеріміз
- Чанкыры Каратекин университеті (Çankırı Karatekin University, Түркия),
- Чанаккале университеті, Түркия (Çanakkale Onsekiz Mart University),
- Ветеран Джакарта университеті, Индонезия (UPN Veteran Jakarta University)
Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін берілетін дәреже:
7М03111 – «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша магистрі
7М03111 – «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасына қош келдіңіз!
.png)






















