Магистратура - Туризм

Магистратура - Туризм

7M11111 – «Туризм» (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі

Білім беру бағдарламасы аймақтық және халықаралық туризмнің жаһандық әлеуметтік-экономикалық кеңістіктегі рөлін терең түсінуді қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама туризм индустриясындағы үдерістерді ұйымдастыру, басқару, жоспарлау және болжау салаларында іргелі білім мен практикалық дағдыларды меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ туризм және қызмет көрсету саласында ғылыми-зерттеу, педагогикалық, жобалық және сараптамалық қызметті жүзеге асыра алатын білікті мамандарды даярлауға бағдарланған.

Білім беру бағдарламасының қосымша артықшылығы ретінде магистранттардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, ғылыми-зерттеу жобаларына, әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысуы, сондай-ақ серіктес жоғары оқу орындары мен бейінді ұйымдарда тағылымдамадан және зерттеу тәжірибесінен өту мүмкіндігі қарастырылған («Università IULM», Милан қ., Хайнань тропикалық мұхит университеті (Hainan Tropical Ocean University), Қытай).

Оқу түрі мен шарттары

Оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен (білім беру гранты негізінде), сондай-ақ жеке қаражат (немесе өзге де қаражат түрлері) есебінен жүзеге асырылады.

Оқу нысаны: күндізгі

Карьералық мүмкіндіктер:

Білім беру бағдарламасының түлектері туризмді дамыту және реттеу саласымен байланысты мемлекеттік басқару органдарында, туристік және қонақжайлылық бизнесіндегі мемлекеттік және жеке компанияларда, туристік бейіндегі консалтингтік және маркетингтік ұйымдарда, туристік инфрақұрылым нысандарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, сондай-ақ туризм және қонақжайлылық саласы үшін мамандар даярлайтын білім беру ұйымдарында кәсіби қызмет атқара алады.

Бейіндік пәндер:

Туристік бизнестің дамуын жоспарлау және болжау әдіснамасы

Туризм және қонақжайлылық индустриясының тұрақты дамуын басқарудағы заманауи тәсілдер

Туризмдегі бизнес-ортаны талдау және стратегиялық басқару

Туристік өнім нарығын талдау, әзірлеу, ілгерілету және іске асыру

Біздің серіктестер:

EURHODIP – Еуропадағы жетекші қонақжайлылық мектептері қауымдастығы (Бельгия)

ҚТҚ – Қазақстан туристік қауымдастығы

ҚҚҮМҚ  – Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін берілетін дәреже:

Қызмет көрсету саласының магистрі

(7M11111 – «Туризм», ғылыми-педагогикалық бағыт)

7M11111 – «Туризм» білім беру бағдарламасына қош келдіңіз!

Печать E-mail

универсиада замена