Аударма ісі, ілеспе аударма

Магистратура - Аударма ісі, ілеспе аударма

M056 – Аударма ісі, ілеспе аударма

M056 – Аударма ісі, ілеспе аударма білім беру бағдарламалары тобының мақсаты жазбаша және ауызша аударма мен мәдениетаралық коммуникация саласында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, өз бетінше сыни ойлауға қабілетті және аударма саласындағы ғылымды жетілдіру және жаңа технологияларды әзірлеу бойынша мәселелерді шешуге, аударма саласындағы өзекті мәселелерді талдауға және кәсіби шешуге қабілетті, сондай-ақ кәсіби-бағытталған құзыреттілік жиынтығына ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Білім бағдарламасы заманауи зерттеу тәсілдерін қолдана отырып аударма мәселелерін шешуге қабілетті аударма теориясы, практикасы мен әдістемесі бойынша зерттеуші мамандарды дайындайды.

Магистратурада мамандарды дайындау ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 2 жыл бойы жүзеге асады; профилді бағыт бойынша 1 жыл бойы жүзеге асады.

 

Мамандарды бағыттық дайындау

Мамандарды дайындау төмендегі профилдер бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырады:

  1. Аударма зерттеулері саласындағы ғылыми қызметкер
  2. Барлық салалардағы ауызша және жазбаша аударма бойынша маман
  3. Жоғарғы оқу орнының жоғарғы санатты педагогы

 

Кәсіби қызмет түрлері

Білім беру бағдарламасының түлектері барлық салаларда қызмет ете алады және әр салада қажетті  мамандар болып саналады. Негізгі кәсіби қызмет түрлері:

  • Аударма (түрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттарды аудару, келіссөздер, халықаралық кездесулер, конференцияларды аудару);
  • ұйымдастырушылық (түрлі сипаттағы шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдарды құру);
  • өндірістік-басқару (отандық, халықаралық, бірлескен ұйымдардың басшылық немесе кәсіби міндеттемелерді орындау);

4) ғылыми-зерттеу (практикалық материалдарды жинау, өңдеу, аударматану және мәдениетаралық қатысым саласында баяндама, мақала, жоба жұмыстарын дайындау);

5) педагогикалық (тілдік, аударма саласындағы практикалық пәндерді жүргізу)

6) салалық (экономика, заң, медицина, өндіріс, ақпарат саласында аударма жасау)

 

     Білім бағдарламасының бірегейлігі мыналармен байланысты:

- магистрантқа бағдарланған білім беру, оқытылатын барлық пәндер практикалық сипатқа ие және практикалық аудармаға бағытталған;

- бағдарлама толығымен ағылшын тілінде жүзеге асырылады;

- білім бағдарламасының оқытушылар құрамының оқу және ғылыми зерттеулер жүргізуде халықаралық тәжірибесі бар;

- арнайы курстарға қатысу және шетелдік ғалымдардан, шақырылған шетелдік оқытушылардан жеке кеңестер алу мүмкіндігі;

- оқу қызметінің сапасын бақылау;

- жоғарғы рейтингтік журналдарда профессорлық-оқытушылық құрам мен магистранттардың жарияланымының үлкен пайызы;

- магистранттардың аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласында ғана емес, сонымен қатар экономика, бизнес, БАҚ және әртүрлі салааралық коммуникацияларда құзыреттерін дамытуға бағытталған пәнаралық сипаты;

- бағдарламаның өзекті мазмұны – аударма саласындағы ғылымның даму жағдайы және қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келуі;

- магистранттың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін университеттің өзіндік даму стратегиясының болуы;

- әр түрлі тәжірибеге бағытталған кездесулер, аудармашылармен және синхронды аудармашылармен шеберлік сабақтарын өткізу;

- жазбаша және ілеспе аудармаға арналған арнайы сыныптардың болуы және жабдықталуының жоғары деңгейі;

- Қазақстан Республикасындағы жоғары білікті кәсіби ілеспе аудармашыларды дайындайтын алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірден бірі.

 

         Білім беру бағдарламасының магистранттары арнайы мамандану пәндерінен басқа келесі қосымша бағдарламаларды (Minors) меңгереді: 1) Медиаиндустрия саласындағы аудармашы; 2) Салааралық коммуникация аудармашысы; 3) Аударма және локализация; 4) Кәсіби конференция аудармасы

 

Білім беру бағдарламасы ағылшын тілінен қазақ\орыс тілдеріне сондай ақ ағылшын тілінен шығыс тілдеріне аудара алатын мамандар дайындайды.

Печать E-mail

универсиада замена