Білім беру бағдарламасы 7M03211 – «Журналистика» (ғылыми - педагогикалық бағыт)
Білім беру бағдарламасының мақсаты мен бірегейлігі (ББ) - Бұл бағдарлама журналистика, дата журналистика, бұқаралық және B2B коммуникациясы, бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтануы және психологиясы саласында жоғары білікті маман дайындауға бағытталған, халықаралық өзара әрекеттесу, жаһандану және заманауи медиа кеңістігінің цифрландырылуы жағдайында кәсіби қызметін жүзеге асыратын, бұқаралық коммуникация, журналистика, дата журналистикасы және B2B маркетинг саласында тактикалық және стратегиялық міндеттерді өз бетінше қоюға және шешуге дайын, динамикалық дамып келе жатқан медиа нарығының жағдайларына барабар жауап беретін; бұқаралық ақпарат құралдары саласында практикалық және ғылыми-талдау дағдыларына ие; шет тілдерін жетік меңгерген, жасанды интеллект құралдарын, журналистиканың инновациялық ақпараттық, операциялық және ұйымдастырушылық технологияларын, медиа зерттеудің заманауи әдістерін, журналистердің коммуникативтік қызметінің негізгі модельдерін, сондай-ақ БАҚ-тың психологиялық және әлеуметтік әсерін зерттеу, БАҚ-тың мақсатты аудиториясын әлеуметтанулық талдау дағдыларына ие, қазіргі заманғы стандарттар мен нарық талаптарына сай келетін.
Оқу түрі мен шарттары
Оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен (білім беру гранты негізінде), сондай-ақ жеке қаражат (немесе өзге де қаражат түрлері) есебінен жүзеге асырылады.
Оқыту формасы: күндізгі.
Академиялық ұтқырлық және халықаралық серіктестік
ББ бағдарламасының қосымша артықшылығы - магистранттарға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша серіктес университеттерінде оқу мүмкіндігі:
- University of Fribourg, Швейцария,
- IULM University (Италия),
- Jeonbuk National University (Оңтүстік Корея),
- UPN Veteran Jakarta (Индонезия),
- University Kebangsaan Malaysia (Малайзия).
- Университет Canakkale Onsekiz Mart University (Түркия)
Мамандандырылған пәндер
- Журналистиканың заманауи операциялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық технологиялары,
- Ғылыми медиа зерттеулерінің әдіснамасы,
- Кәсіби пәндерді оқытудың инновациялық әдістері, Қазақстан мен Орталық Азиядағы БАҚ қалыптасуының саяси, экономикалық және әлеуметтік аспектілері,
- Коммуникациялық қызметті модельдеу,
- Дата журналистикасы және B2B маркетингі,
- Қазіргі заманғы БАҚ жұмыс істеуінің әлеуметтанулық аспектілері,
- Бұқаралық коммуникация психологиясы.
Мансаптық мүмкіндіктер:
Ғылым және білім беру магистрі бағдарламасының түлектері Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында журналистикаға қатысты салаларда сабақ бере алады, сондай-ақ ақпараттық қызметтерде, баспа ісінде, аналитикалық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу ұйымдарында және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да салаларында жұмыс істей алады.
Қорытынды біліктілік
Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін 7M03211 – «Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі.
7M03211 – «Журналистика» білім беру бағдарламасына қош келдіңіздер!
.png)






















