11
ШЕТ ТІЛДЕРІ
7000
СТУДЕНТТЕР
90 000
ТҮЛЕКТЕР

Университет жаңалықтары

  • AU студенттері TUDVA Халықаралық жобасында

    02.11.2023-05.02.2024 аралығында барлық түркі тілдес халықтардың арасында TUDVA –түркі әлемі цифрлық азаматтық Халықаралық жобасы өтілді. Бұл жобаның мақсаты - әртүрлі аймақтарда тұратын Түрік әлемінің жастарын цифрлық платформада біріктіру және олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы хабардар ету арқылы цифрлық азаматтық сананы қалыптастыру. Жобаға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті атынан Шет тілдер педагогикалық факультетінің 3 курс студенттері Асилбек Аружан мен Қалтай Аружан қатысып (жетекші- түрік тілі пәнінің мұғалімі Мажикенова Жаныл), 2024 жылдың 15 мамырында марапаттау рәсімі өтті, марапаттау барысында біздің студенттер Түркиядағы жазғы лагерьге жолдама ұтып алды.

    Май 15, 2024

  • Қазақстан халықтарының бірлігі күні

    «Білім беруді кәсіби цифрландыру» кафедрасы 15 мамыр 2024 жылы "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" тақырыбында «менеджмент және халықаралық коммуникация» факультетінің студенттерімен тәрбие сағатын өткізді.  Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт — дәстүрлерін, мәдениетін, өнерлерін көрсетті. Тәрбие сағатта студенттер Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғынды. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбие алды.

    Май 15, 2024

  • «Театрдың ғажайып әлемі» тақырыбына ҚР Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесу

    Шетел тілдері педагогикалық факультетінің Педагогика және психология кафедрасы 14.05.2024ж. сағ. 14.00-де «Театрдың ғажайып әлемі» тақырыбына ҚР Халық артисі, актер, Мемлекеттік сыйлыктың Лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесу кеші өтті. Кездесу кешінде Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының «Актерлік өнер мамандығын» режиссер Т. Жаманқұловтың жетекшілігінде бітіруші түлектердің «Түлкі бикеш» (Флоримон Эрве) спектаклінің қойылымы болды.

    Май 14, 2024

  • "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметі туралы" ашық дәріс

    2024 жылдың 13 мамырында сағат 11.00-де Халықаралық құқық кафедрасы қонақтық дәріс аясында Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің  6В04201 – «Құқықтану» және 6В04202 – «Халықаралық құқық»  білім беру бағдарламасының студенттерімен Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Алматы қаласындағы Өкілі Малдыбаев Қазыбек Малдыбайұлымен «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметі туралы» тақырып бойынша кездесу өткізілді. Бұл ұлттық орталық Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт шеңберіндегі мүше-мемлекеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындауына мониторинг жүргізетіндігін атап көрсетті.

    Май 13, 2024

  • Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ жазғы мектебі

    Ablai Khan University студенттерге бай мәдени мұраға және тілдік ортаға енуге бірегей мүмкіндік ұсынатын орыс тілі жазғы мектебінің басталғанын мақтанышпен хабарлайды. 10-30 маусым аралығында қатысушылар университеттің тәжірибелі профессорларының жетекшілігімен өтетін үш апталық қарқынды сабақтарды тамашай алады.

    Май 06, 2024

Хабарландырулар

Конференциялар

ҚазХҚжӘТУ университетінің 3D туры

универсиада замена