11
ШЕТ ТІЛДЕРІ
7000
СТУДЕНТТЕР
90 000
ТҮЛЕКТЕР

Университет жаңалықтары

  • Қазақстан халықтарының бірлігі күні

    «Білім беруді кәсіби цифрландыру» кафедрасы 15 мамыр 2024 жылы "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" тақырыбында «менеджмент және халықаралық коммуникация» факультетінің студенттерімен тәрбие сағатын өткізді.  Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт — дәстүрлерін, мәдениетін, өнерлерін көрсетті. Тәрбие сағатта студенттер Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғынды. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбие алды.

    Май 15, 2024

  • "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметі туралы" ашық дәріс

    2024 жылдың 13 мамырында сағат 11.00-де Халықаралық құқық кафедрасы қонақтық дәріс аясында Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің  6В04201 – «Құқықтану» және 6В04202 – «Халықаралық құқық»  білім беру бағдарламасының студенттерімен Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Алматы қаласындағы Өкілі Малдыбаев Қазыбек Малдыбайұлымен «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметі туралы» тақырып бойынша кездесу өткізілді. Бұл ұлттық орталық Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт шеңберіндегі мүше-мемлекеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындауына мониторинг жүргізетіндігін атап көрсетті.

    Май 13, 2024

  • Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ жазғы мектебі

    Ablai Khan University студенттерге бай мәдени мұраға және тілдік ортаға енуге бірегей мүмкіндік ұсынатын орыс тілі жазғы мектебінің басталғанын мақтанышпен хабарлайды. 10-30 маусым аралығында қатысушылар университеттің тәжірибелі профессорларының жетекшілігімен өтетін үш апталық қарқынды сабақтарды тамашай алады.

    Май 06, 2024

  • "Шығыстану" БББ студенттері ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына

    2024 жылдың 6 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Шығыстану» БбБ бойынша Қазақстан Республикасының ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсының қорытындысы болып өтті. Зерттеу жұмысы конкурсының негізгі мақсаты - ғылыми-зерттеу және оқу қызметін ынталандыру; дарынды студенттерді іріктеу және қолдау. 2024 жылдың ақпан-мамыр аралығын қамтыған бұл конкурсқа факультетіміздің «Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша 2-4 курс студенттері Кулжабаева Гаухар, Серикболова Аруна, Әлхан Зерайым, Асқарбаева Аружан қатысты.

    Май 06, 2024

  • «Шетел тілдері» мамандық топтары бойынша студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиадасы

    Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында 02-03 мамырда студенттер арасында «Шетел тілдері» және «Гуманитарлық ғылымдар» мамандық топтары бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу туралы 01.04.2024 жылғы №14-0/1420  бұйрыққа сәйкес II кезең болып өтті.

    Май 03, 2024

Хабарландырулар

Конференциялар

ҚазХҚжӘТУ университетінің 3D туры

универсиада замена