Қабылдау бөлімі, "Журналистика және жарнама" және PR, HR білім беру бағдарламалары бойынша іріктеу жүргізеді. Оқуға түсу үшін тапсырылатын шығармашылық емтиханның бағдарламасымен мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыздар: Бағдарлама
Қабылдау бөлімі, "Журналистика және жарнама" және PR, HR білім беру бағдарламалары бойынша іріктеу жүргізеді. Оқуға түсу үшін тапсырылатын шығармашылық емтиханның бағдарламасымен мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыздар: Бағдарлама
5 маусымда Абылай хан университеттің спорт кешенінде кәсіподақ комитеті ұйымдастырған қызметкерлер мен оқытушылар арасында мини-футболдан жарыс өтті. Байқаудың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды патриотизмге тәрбиелеу болды. Ойын тартысты әрі қызық өтті. Барлық командаларға жарысқа қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Футбол тек аяққа арналған ойын емес, сонымен қатар логикалық ой тереңдігін, ұтқырлықты талап ететін ойын түрі екеніне көзіміз жетті.
24.05.2019 ж. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Конфуций институтында «Қытай тілі көпірі» (汉语桥) атты халықаралық байқаудың шешуші кезеңі өтті. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «5В020700 Аударма ісі: қытай тілі/ағылшын тілі» мамандығы бойынша Шығыстану факультетінен 2 курс студенті Сұлтанов Азим іріктеу кезеңінен өтіп, байқау нәтижесі бойынша шешуші сайыста 1-орын иеленді. Біздің студент қытай тілінен ең жоғарғы деңгей көрсетті. Жетекшісі – Сабигазина Сәуле. Студенттер мен оқытушыларды жеңісімен құттықтаймыз! #facultyoforientalstudies
2019 жылы 22 мамыр айында Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ мен Алматы қаласы бойынша Соттар Әкімшілігінің арасында Меморандумға қол қойылды. Бұл жағдай екі жақ тараптары үшін маңызды болып табылады, сот тәжірибесі мен заңи білім беру арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
17 мамыр күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Рухани жаңғыру» бағдараламасын жүзеге асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отырған «Jamboree» студенттік ғылыми үйірмелердің І слеті өтті. Биылғы слеттің тақырыбы: «Студенттік ғылыми қауымдастық: өзекті проблемалары мен транформациялау жолдары» болды. Шараның мақсаты университет қабырғасында студенттік ғылыми үйірмелер қызметіндегі проблемалық аспектілерді талқылау, студенттік ғылыми бірлестік жұмыстарының жұмысын оңтайландырудың жаңа жолдарын іздестіру мақсатындағы пікір-алмасу платформасын ұсыну болды.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дың конкурстық комиссиясының шешімі бойынша біздің университетіміздің студенттері 2019-2020 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға және шетелдік серіктес университеттерінде оқуға конкурстық іріктеуден сәтті өтті. Таңдалған үміткерлердің толық тізімін мына жерден көруге болады.
Конкурстың жеңімпаздарын нұсқаулар алулары үшін бірінші корпус 112 бөлмеге келулері тиіс.
Алматыдан 90 шақырым жерде терең тарихы бар бірегей ғимарат бар екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Іле өзенінің сол жақ жағалауында ескі ғажайып құрылымдар бар, олардың сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл архитектуралық құрылымдар жай ғимараттар емес. Бұл, шын мәнінде, кинотеатр мұражайы іспетті. ҚазХҚжӘТУ студенттері осы керемет құрылымды көруге мүмкіндік алды.
Әр адам, кем дегенде, өмірінде аспандығы жұлдыздарға қарап таң қалады. Миллиарддаған көзге көрінбейтін жұлдыздар адамды өзіне тартып алады. Жұлдыздың пайда болуы ғасырлар бойы адамзатқа қызығушылық танытқан ерекше құбылыс. Көп аңыздарда жұлдыздың пайда болуы туралы жазылған. Ал жұлдыз деген не? Ғылыми көзқараста айтатын болсақ, жұлдыздар - күнге ұқсас, бірақ өте алыста орналасқан ыстық газ шарлары. Бірақ жұлдыздар аспанда ғана емес, жердеде жұлдыздар бар. Жердегі жұлдыздарымыздың анықтамасы көктегіден өзгеше емес. Жер жұлдыздары - энергияның ыстығынан пайда болады, ия олар дүниеге келеді және бірдей жарықтандырылады!
Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің көрсеткен ерліктері мен Отан үшін жан қиғандарын бүгінгі ұрпақ ешуақытта ұмытпайды. Бүгінгі ұрпақ оларды аса үлкен құрметпен еске алады және қастерлейді. Келешек ұрпаққа ҰОС ардагерлерінің ерліктері мен өнегесін үнемі айтып қана қоймай, жеңіс күні қарсаңында оларды мейлінше насихаттайды. Жеңіс мерексесі қарсаңында университет қызметкерлері мен студенттерінің кәсіподақ комитеті ҰОТ соғысы ардагерлері мен олардың балаларының үйлеріне барып, Ұлы жеңіс меркесімен құттықтады.
Қазақстан – 130-дан астам ұлттар мен этностар тұратын көпұлтты мемлекет. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ықтымағы мерекесі. Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ-де қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, кәріс, қытайғ грузин, армян, тәжік, түркмен ұлтының өкілдері бар. Оқу орнында аталған ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымағы жарасқан бір отбасы секілді.
Алматы қаласының Университет қызметкерлері арасында жыл сайынғы футболдан спартакиада өтті. Бұл сайыста Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынстар және әлем тілдері университеті III-і орынға ие болды. ҚазХҚжӘТУ құрамасынын атынан Мусабеков Ғалымжан, Данияров Бауыржан, Алғожа Айбын, Сағыналиев Рустам және Жапаков Мейрамбек жарысқа қатысты. Құттықтаймыз!